Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша мұғалімдерге, оқушыларға және оның ата-аналарына ұсыныстар.
ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша мұғалімдерге,  оқушыларға және оның ата-аналарына ұсыныстар.

 

Мұғалімдерге кеңес:

 

     Мұғалімдер ҰБТ-ға енгізілген барлық пәндер бойынша 11 сыныпм оқушылары оқу жүйесіне тестік технологияларды белсенді түрде енгізу керек. Олардың көмегі арқылы оқушылардың меңгеру деңгейін бағалауға және тестік тапсырмалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға болады. 
     Тестік тапсырмаларды орындауда мұндай жаттығулар ҰБТ тапсырған кезде жоғары бал алуларына мүмкіндік береді. Оқушы тестік тапсырмалардың типтік құрылысын білсе, оның нұсқамасын біліп тануға  уақыт жоғалтпайды. Мұндай жаттығулар кезінде өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау сияқты тиісті психотехникалық  дағдылары қалыптасады. 
     Оқыту үрдісі кезінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары ҰБТ тапсыруға тиімді дайындықты ғана жоғарлатпайды, сонымен қатар емтихан кезінде өздерін табысты болуларына, ойлау жұмыстары дағдыларын дамытуға, шешуші жағдайда өзін жұмылдыра алу, өз эмоцияларын ұстауға мүмкіндік береді.

 

Оқушыларға кеңес:

 

     Көп оқушыларда емтихан жағдайы айқын жағымсыз эмоцияларды тудырады. Оның нәтижесі емтиханды ойдағыдай тапсыру үшін күштерін жұмсамай, емтиханға байланысты қорқуға көп көңіл бөлінеді.

    Энергияны зая жібермей емтиханға қалай максималды тиімді әрі жоғары дайындалуға болады? Емтиханда өзінің жақсы жақтарын көрсетуге және жақсы нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

     ҰБТ-ға дайындық бойынша кейбір ұсыныстар:

- уақытты ұйқыға үнемдеу қажет емес! Уақытты ұйқыға үнемдеу – тәуліктің басқа уақытында интеллектуалды қызметінің нәтижелілігі төмендеуіне әкеп соқтырады;

- Емтихандарға мағынасына жетіп қарау керек және интеллектуалдық күшті басты сұрақтарды, курстың мағыналық  топтамасын анықтауға бөлу керек;

- шағын конспекті, жауаптардың мағыналық сызбасын жасау керек;

- өзін сәттілікке бейімдеу.

ҰБТ және оның дайындығына небір кедергіге төзу ретінде қарамай, маңызды оқу бөліміне сияқты қатысу керек.

 

Ата-аналарға кеңес:

 

     Ата-аналар бірінші кезекте балаларына көмектесу: көңіл тепе-теңдігін, жан сергектігін, белсенді өмір ырғағын, есеңгіреуден сақтау керек:

- баланың жетістігіне қуаныңыз;

- бала сүйіспеншілікті сезіну керек.

 

     Өзін-өзі сендіру формуласы:

 

 - Мен толығымен өзімнің тәртібімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және бұл менің жеке өсуімнің мүмкіндіктері. 

- Мен өз ойым мен сезімімді бақылаймын.

- Менің өзіме деген сенімділігім  күн сайын артуда.

- Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін.

- Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы сияқты елестетемін.

- Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын.

- Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін.