Сенім телефоны
8 7182 556862
email: 43school@mail.ru
Мекенжайы: Лермонтов көш., 95
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда2962687
Бір айда242445
Бір аптада58469
Кеше12293
Тәулік7655
Ашық есіктер күнін

Жыл сайын колледждер мектеп түлектері үшін «Ашық есіктер күнін» өткізіп отырады. Кәсіби бағдар жұмысы аясында №43 ЖОББМ-нің оқушылары Мұнайгаз колледжінде,  КИиЕУ колледжінде, Павлодар бизнес колледжінде, Гуманитарлық-педагогикалық, Техника-экономикалық  колледждерінде және Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде болды. Оқушылар үшін ұстаздармен, студенттермен кездесулер және аудиториялар мен оқу-шеберханаларына экскурсиялар ұйымдастырылды. Студенттердің жастар ұйымының өкілдері қызыққа толы студенттік өмір туралы, спорттық және шығармашылық шаралар туралы  айтып берді. Оқушылар осындай іс-шаралардың болашақ мамандықты таңдауға көмектесетінін атап өтті.

 

 

Оқушылардың назарын аудару, қызықтыра алу мақсатында колледждер ерекше шаралар өткізеді. Осылайша, Техника-экономикалық колледж өкілдері № 43 ЖОББМ-не келіп кездесу ұйымдастырды. «Студенттердің насхат тобы» дайындаған (би, әзілдер, ән) бағдарламасы мерекелік көңіл-күй тудырып, студенттердің белсенді, қызықты өмірлерін  көрсетті.  Оқушыларға бұл кездесу өте ұнады, олар колледждің «Ашық есіктер күніне» барды.