Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Мектеп ұлттық бөлімшелерінің оқушылары өз Отаны жайлы не ойлайды:

Мектеп ұлттық бөлімшелерінің оқушылары өз Отаны жайлы не ойлайды: - Сен «Отан» деген сөзді қалай түсінесін?Осы сөзді естігенде қандай ассоцияция туындайды? - Ольга. Чуваш бөлімшесі. Менің ойымша, осы бейбітшілік кезінде патриотизм түсінігі кейінгіге қалады. Бұның не екенің түсіну тек экстрималды жағдайларда ғана болады. - Анна. Армян бөлімшесі. Отан-бұл жан рахатын сезінетін жер. Бұл музыка және би сабақтарына баруды ұнататын мектебім. - Алина. «Арай» хореографиялық ансамблі. Бұл менің анам, менің бесігім және менің өмірім. Бұл менің туған сүйікті қалам! - Тома. Еврей бөлімшесі. Отан- бұл мен үшін менің елім, достарыммен кездесетін, ойнайтын менің көшем. -Лейла. Әжербайжан бөлімшесі. Иә, әрине, ойға келетін бірінші сөздер: ана, әке, әже..., сонымен қатар туған туыс, сөздің түпкі мағынасы бірдей, кейіннен бұл сөз кең мағынаға ауысады..., мектеп, қала, сүйікті іс... . - Настя. Неміс бөлімшесі. Мен өз елімді сүйемін және еш жамандықты көріп тұрған жоқпын. Маған бұл жер ұнайды. Мен ерекше ықыласпен бірнеше мектептерге барамын, өзімнің алға қойған мақсаттарыма жету үшін мен аянбай еңбек етуге дайынмын. Әрине, Қазақстанда көптеген қиыншылықтар бар – тұрақты тұрғын үйсіз адамдар, маскүнемдік. Бірақ бірде бір елде мәселесіз болмайды, бұл табиғи нәрсе -Ернур. Қазақ мәдени орталығы. Оғаш сұрақ. Әрине бұл философиялы түсінік, мен бұған опасыздық жасауға болмайтының түсінемін! Бұл қазақтың кең байтақ жері, батырлары, қаһармандары... Н.Ә.Назарбаев. - Зульфия.Татар-башқұрт бөлімшесі. Бұл адамның өзіне берік болуды өз отаның сүюді білдіреді және бұл табиғи нәрсе. Адамдар, өз еліне лағнет айтса, өзі ішіп отырған суға түкіргені. -Зарина.Шешен-ингуш бөлімшесі. Отан- бұл ашық аспан астында еңбек етуге өмір сүруге мүмкіндік беретін жер. -Наталья.Украин бөлімшесі. Отан тек жақсы ассоцияциялар туындатады. Үй, ата-ана, әлем және адамдар арасындағы түсініспеншілік -Андрей. Орыс мәдени орталығы. Отан сезімі мен үйде ұзақ уақыт болмаған кезде тереңдей түседі. -Биназир.Корей бөлімшесі. Бұл әр адамға жеке сезім тудырады. Отан сенің жан-жағында, сенің жаныңда. Ол сенің жарты бөлшегін, ал сен оның бөлшегісің. -Дарья. Болгар бөлімшесі. Бұл менің отбасым және де мұнда ең бастысы сені жақсы көріп күтіп отырады - Артем.Белорус бөлімшесі. Бұл политрадағы бояуларды сияқты тек өмір тепе-теңдігі ғана біріктіреді. -Саит. Әзербайжан бөлімшесі. Отан- бұл ел, ата-ананың ошағы. -Лидия.Кабардин-балқар және қарашай-черкес бөлімшесі. Бұл түсінік маған жасым ұлғайған сайын кеңінен ашылып жатыр. Қазіргі кезде бұл сөздің түсінігіне көптеген ақпараттар бар, бірақ бұл әр адамның рухани көзі болғандықтан өмірлік негізгі сөзі. Қ.Б Даржұман атындағы ҰЖМ.