22.10.2020г. В рамках нравственно-полового воспитания среди несовершеннолетних и сохранению репродуктивного здоровья среди девочек–подростков посвященный Международному дню девочек п...
Бүгін "Шаңырақ" лагерінің балалары "Ашық аспан астындағы мұражайға" барды. Павлодар қаласының әртүрлі кезеңдердегі тарихы мәдени ескерткіштерде сақталған. Мұражай қызметкеткерлері балаларға қаланың тарихынан үзік сыр шертті.
Мектеп лагеріндегі балалар "Супер ұлдар", "Мен спортты жақсы көремін" атты қалалық жазғы жобаға қатысты. Біздің команда боксты паш етті, бұл іс - шара өте қызықты және танымды болды.
Бүгін біздің балалар Ж. Аймауытов атындағы қазақ драма театрына барды, онда олар "Ауылдағы демалыс" спектаклін тамашалады. Ауылдың өмірі мал өсірумен байланысты, таңертең ерте тұру, таза ауада еңбек ету көрінісін көрді. Театр әртістері залға шығып балалармен заманауи және қазақ әндеріне биледі. Балалар мәз болып, өте қуанышты болды.
Бүгін таза ауада " Тәні саудың - дені сау" атты ойындар өткізілді. Балаларға көптеген ойындар ұсынылды, бірақ оларға "Тышқан - мысық" ойыны ұнады. Балалар бір - бірін қуалап, қызықтап, өте көтеріңкі көңілмен үйлеріне тарады.
Бүгін мектеп жанындағы лагеріміз "Жазғы қызықтар" атты қалалық жобаға қатысты. Барлық командаларға жер мен су бөлініп берілді. Керекті нәрсе: көтеріңкі көңіл - күй мен толассыз фантазия. Әр қатысушы өзін нағыз мүсінші ретінде сезінді. Балалар грамоталармен марапатталды.
Құммен сурет салу - көркемөнердің дәстүрден тыс бағыты, бұл сала бүкіл әлемге танымал өнер. Әуезді әнмен сүймелденген құмға салынған сурет сиқырлы әлемнің бір бөлігі ретінде әспеттеледі. Бұл дүние көптеген адамдарға ұнайды. Бүгін біздің балалар "құмды" әлемге саяхат жасап тәнті болды.
Асфальт үстінде сурет салу - балалар үшін таптырмас қызықты іс. Осы арқылы олар қоршаған орта мен шығармашылық танымдарын кеңейтеді. Бормен асфальт үстінде сурет салу баланың танымын, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін шыңдайды.
Мектеп оқушылары "Ғасырлардан өткен би" фестиваліне қатысты. Біздің топ әлем халықтарының биін паш етті. Балалар би арқылы халықтар достастығын көрсете алды.
Бүгін "Шаңырақ" мектеп лагерінде жаңа желісте қойылған "Репка" атты көрініс қойылды.
Балалар бұл әзілдік қойылымға белсенді түрде қатысты. Көрермендер тұрып қол соқты.
Аталған іс шараның мақсаты: балалардың әртістік машықтарын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен өзіндік басқару дағдысын дамыту.
Бүгін балалар "Техникалық мектепке" барды. Педагогтер оларға ұялы телефондарға арналған чехол (қаптама) тігіуін үйретті. Балаларға қызығушылықтары бойынша бірнеше топтарға бөлінді. Олар қағаздан қомақты фигуралар жасауын үйренді. Әсіресе моншақтардан тізбектен балық жасау оларды тәнті етті. Әрбір бала өз жасаған бұйымымен қайтты және шығармашылық жұмыстардан қатты әсер алды.
Бүгін "Шаңырақ" мектеп лагеріне № 2 өртсөндірушілер бөлімшесі келді. Олар балаларға өздерінің ауыр жұмыстары туралы айтып берді. Қызметкерлерге көптеген сұрақтар қойылып, тұшымды жауап алынды, балалар өртсөндіру машиналарына отырып, рация арқылы сөйлесуге, өртсөндіру арнайы киімдерін киіп көруге мүмкіндік алды.
"Шаңырақ" мектеп лагерінде "Жылдамырақ, күштірек, жоғары" спорттық іс шаралар өтті, оған спорттық командалар қатысты. Жарыс қорытындылары бойынша "қорғаушылар" командасы бірінші, ал" спортсмендер" командасы екінші орынды иеленді.
Бүгін 24 маусымда мектеп лагерінің келушілері "Иртыш Синема" кинотеатрына барды. Балалар "Ойыншықтар тарихы" мультфильмін тамашалады.
Бүгін "Шаңырақ" мектеп лагерінде "Автомобиль, дорога, пешеход" атты викторина өтті. Балалар жол жүру ережелері бойынша өз білімдерін көрсетті. Сондай-ақ "Дорожные знаки" тақырыбындағы суреттер сайысы өткізілді.
Бүгін бейіндік жасақ балалар кітапханасына барды, онда олар жас суретші Юлия Серяковамен кездесті. Оның 60 астам суреттері бар, көбіне оны "Алиса в стране чудес" ертегілер бағыты қызықтырады. Сондай - ақ "Шляпник", "Белый кролик" және "Дом моей мечты" оның сүйікті картиналары болып табылады. Сонымен қатар Юля поэзиямен, музыкамен, би билеумен айналысады (Сергей Есенин сүйікті ақыны) және ҰБТ-ға дайындалып жатыр. Юля сүйікті ақыны С. Есениннің "Письмо женщине" өлеңін оқып балаларды тәнті етті.
Бүгін "Шаңырақ" мектеп лагеріндегі балалар "Бірлік" аула кулыбына барды, онда олар Қазақстан тарихына шолу жасады. Балалар 5 станциядан өтіп, ондағы тапсырмаларды орындай алды.
Asyk Party – қазақ ұлттық ойыны!
Бүгін мектеп лагерінде «Кaisar-KZ» ҚҚ қолдауымен асық ату ойыны ұйымдастырылды. Ойынға қатысушылардың үздік үшеуі жұмсақ ойыншықтар алды, ал қалғандары тәтті сыйлықтарға ие болды.
Бүгін мектеп лагерінің балалары Бұхар жырай мұражайына барды. Оларға "Маша и медведь" заманауи ертегісі көрсетілді, сонымен қатар балалар жұмбақтар шешіп, эстафеталарға қатысып, көңілді дискотекада би биледі.
Бүгін № 13 ЖОМ оқушылары қалалық "Керемет" жобасына қатысып "IQ fest" зияткерлік сайысында ойын көрсетті.