ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәлімгерлік - кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы
14-05-2021 09:19
Тәлімгерлік - кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті тәлімгерлер мектебінің отырысын «Тәлімгерлік кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы ретінде. Жас мамандардың бейімделу тиімділігін анықтау» онлайн форматында өткізді. Мақсаты - тәлімгерлерге жас мамандарды бейімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету, тәжірибелі тәлімгерлердің жұмыс тәжірибесімен алмасу. Биылғы жылы келген жас педагогтер мен жас мамандар тәлімгерлерінің мектебіне жетекшілік ететін 100-ден астам директор орынбасарлары қатысты.

Мектеп сабағында әдістемелік кабинетпен «Жас мамандарды бейімдеу тиімділігін анықтау және тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру, басшылықта әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында № 24 мектептің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Мектептің тәжірибелі және жетекші мұғалімдері, облыстық және қалалық кәсіби байқаулардың жеңімпаздары жас педагогтармен тәлімгерлердің интерактивті жұмыс түрлерін іс жүзінде қолданатынын көрсетті. Мектеп директорының орынбасары Жүрсінова Айман Темірбайқызы «Тәлімгерлік - жас мұғалімдерді кәсіби бейімдеудің ең тиімді түрі» тақырыбында сөз сөйледі. Жас педагогтардың жетістіктері мен нәтижелілігі бойынша фотоесепті және жас мұғалімдер мектебінің жұмыс тәжірибесін ұсынды. Сеилханова Назгүл Ертөстіққызы, информатика пәнінің мұғалімі, тәлімгер жүргізілген диагностикалық зерттеулермен және жас мамандардың проблемалары мен қиындықтарын анықтау бойынша сауалнамамен бөлісті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Владимировна Николаева жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету туралы айтты. Биология пәнінің мұғалімі Жанар Мұратқызы Алибекова тағылымдамадан өтуші мұғалімдерді түрлі деңгейдегі байқауларға,  жобаларға қатысуға ынталандыру үшін тәлімгерліктің рөлі туралы айтып берді. Жас маман, биология пәнінің мұғалімі Егімбаева Қымбат Зиноллақызы «Педагогикалық технологияларды игеру жас мұғалімнің кәсіби өсу жолы ретінде» тақырыбында өз ойымен бөлісті.

- Тәлімгерлік - бұл тұрақты диалог, тұлғааралық коммуникация, - деп атап өтті өз сөзінде педагог-психолог Калиева Жанар Теміржанқызы.

- Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінде тәлімгерлік мектебі және 10 жылдан астам «ПроЛС» жас мұғалімдер клубы жұмыс істейді. Мектептің әрбір сабағының қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар, нормативтік-құқықтық база бойынша құжаттар, жас мамандардың қиындықтарын диагностикалау бойынша сауалнамалардың үлгілері беріледі, қазіргі кезеңдегі қызмет үшін тәлімгер мен жас педагогтің ынтымақтастық жоспарлары және одан әрі іс-қимыл жасау негіздері жасалады. Онлайн кездесулердің материалдары электрондық-әдістемелік электрондық дайджестте орналастырылады және практикада пайдалану үшін қала мектептеріне жіберіледі, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері, жас мұғалімдер клубы мен тәлімгерлер мектебінің басшысы Шолпан Саменқызы Нұрахметова.