ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Баскетболшылардың ұлттық мектеп лигасындағы жеңісі
21-05-2021 09:20
Баскетболшылардың ұлттық мектеп лигасындағы жеңісі

2021 жылдың 9 - 16 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы ұлттық мектеп лигасында 7 - 8 сыныптың ұлдары мен қыздары арасында өткен баскетболдан Павлодар қаласының екі жалпы білім беретін мектептерінің баскетбол командалары облыстың намысын лайықты түрде таныстырды.

Жарыс барысында қатысушылар ептілік пен жылдамдықты, шыдамдылықты, өзара түсіністік пен командалық рухты көрсетті. Барлық командалардың зор ынтасына қарамастан, жасөспірімдер арасында Павлодар қаласының №28 ЖОМ командасы II орынды иеленді. Жасөспірімдер құрама командасының құрамына Исаев Мансұр, Қошқарбаев Тимур, Черныш Данила, Тимофеев Владислав, Артюшенко Владислав, Исламов Глеб, Кудаев Борислав, Романенко Антон кірді. Үздік қорғаушы болып 7 сыныптың оқушысы Қошқарбаев Тимур танылды. Жаттықтырушы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алпысбаев Руслан Серікұлы.

Команда 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Олардың барлығы өз жас тобында облыстың құрама командасының құрамына кіреді. Черныш Данила, Исламов Глеб облыс чемпиондары, көктемгі Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері, Черныш Данила, Романенко Антон көктемгі Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегерлері.

Қыздар арасындағы жарыс өте қызықты өтті. Павлодар қаласының №14 ЖОМ командасы III орын алды. Қыздар командасының құрамына Золотарева Эльвина, Калининская Оксана, Архипова Милена, Шумаева Дильназ, Ешкенова Нүрия, Синева Ангелина, 8 сынып оқушылары, Архипова Даша, Шмигельская Юлия, Мальсагова Дальяна, 7 сынып оқушылары кірді. Ең үздік қорғаушы болып Архипова Даша танылды. Жаттықтырушы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ахметов Бердіқұл Жұқанұлы.

Команда 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы кезеңде ол республикалық, облыстық деңгейдегі 2 күміс, 1 қола медаль иегері. Мектепте баскетбол секциясы жұмыс істейді, онда мектептің 5 - 9 сыныптарының 30 оқушылары жаттығады.