ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектебі «Жасыл мектеп» жобасын жүзеге асыру үшін 1000 еуро алады
27-05-2021 09:24
Павлодар мектебі «Жасыл мектеп» жобасын жүзеге асыру үшін  1000 еуро алады

Германия мен Франция Елшілігінің Климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойылуының 5 жылдығына орай Гете-Институты мен қазақстандық және француз Альянстарының желісі 2021 жылды - Қазақстандағы қоршаған ортаның Франко-герман Жылы деп жариялады. Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық бөлімімен түрлі іс-шаралар мен байқаулар арналған.

2021 жылдың мамыр айында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 жалпы орта білім беру бейіндік мектебі «Сіздің туған аймағыңыздағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үздік жергілікті бастама» франко-неміс байқауына қатысты, оның ой өзегі «Аймағыңыздағы қоршаған ортаны қорғау үшін не істей аласыз?» мәселесін тудырады.   

Мекеме байқауға ұйымның түйіндемесі мен аймақтағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі құжаттарды ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша «Schulemacht Grün» - «Жасыл мектеп» жобасы үшін Павлодар қаласының № 36 ЖОМ I орын және 1000 еуро ақшалай сыйлық иегері атанды.

Байқау құжаттамасының сметасына сәйкес ақшалай жүлде 30 шырша сатып алуға бағытталады, шыршаларды отырғызу мектептің PASCH «Мектептер: болашақтың серіктестері» Халықаралық жобасына қатысуының 13 жылдығына орайластырылған. Сондай-ақ, мектеп макулатура жинау есебінен 5 шырша сатып алады. Аталған іс-шараға ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар қатысады. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі макулатура жинау жеңімпаздарын марапаттауға жұмсалады. Олар грамоталармен және I орындар үшін 30000 теңге, II орындар - 20000 теңге, III орындар - 10000 теңге есебімен ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

- Мектеп өзінің мақсаты ретінде мектеп ауласын көгалдандыруды белгілеп, оған шағын ауданда тұратын адамдардың назарын аударды. Жоба аясында 2021 жылдың мамыр айынан бастап мектепте «Макулатура жинап, ағаш отырғыз!» науқаны басталады. Мектеп шағын ауданында оқушылар мен олардың ата-аналары «Макулатура жинап, ағаш отырғыз!», «Қосыл!», «Біз экологияны қолдаймыз!» парақшаларын таратады. Жобаны іске асыру барысында 3000 кг макулатура жинап тапсыру және жиналған ақшаға 5 шырша отырғызу жоспарлануда. Германия мен Франция Елшілігінің 1000 еуро көлемінде қаржылай қолдауымен 30 шырша отырғызылып, мектеп аумағының 450 - 500 гектары көгалдандырылады, - дейді мектеп басшысы Ахмадова Зәуреш Дәуленқызы.

Осылайша, Павлодар қаласының № 36 мектебі қоғамға өзінің қоршаған ортаны қорғау ісіне адалдығын көрсеткісі келеді және барлығын кідіріссіз әрекет етуге және қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға шақырады.

Алдағы уақытта, 2021 жылғы 31 желтоқсанда жеңімпаздар Франция Елшілігіне осы жобаны іске асыру шеңберінде жұмсалған шығыстар және бастапқыда мәлімделген алдын ала бюджет туралы есеп береді. Жобаларды көпшілікке жариялау мақсатында Франция мен Германия Елшілігі әлеуметтік желілердегі жобалар бойынша қатысым үшін контент-жоспар құру, осы жыл бойы фото, бейне және олардың іске асырылу барысы туралы жазбаша есептермен ақпарат алмасу туралы ұсыныс жасады.