ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық семинары
01-06-2021 11:12
Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық семинары

Шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың жіберген негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылғы 28 мамырда бастауыш сынып мұғалімдерімен «Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы» мәселелерді талқылады. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 70-тен астам мұғалім қатысты.

Семинарға қатысушыларды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Шаханқызы Кайырғазина жазғы мектептердегі сабақтардың мақсаттары және міндеттерімен таныстырды. Сабақтарды жоспарлау, жазғы мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік ұсынымдар берілді, оқушылардың жеке қажеттіліктерін, карантиндік шараларды сақтауға баса назар аударылды.

Бастауыш сынып мұғалімдері 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен бөлісті. М.Әуезов атындағы ЖОМ мұғалімі, қалалық әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Юлия Алексеевна Безрукова оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық белсенділігін, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шараларды ескере отырып құрастырылған сабақ жоспарымен, кестемен таныстырды. № 37 ЖОМ мұғалімі Сағымбаев Рустам Бахытбекұлы жазғы мектепке баратын оқушылардың ынтасын арттыру үшін пайдаланылатын «Фишбоун», «Серпілген сауал», «Галлереяны шарлау», «Микрофон сынды» оқыту әдістерімен бөлісті.

Семинарда мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар, әрі қарай жұмыс істеу үшін ұсыныстар алды. Бүгінгі таңда қаланың жазғы мектептерінде 13975 оқушы оқиды, оның ішінде 6880 оқушы бастауыш сыныптарда, 7095 оқушы 5 - 11 сыныптарда.