ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала балабақшаларындағы игіістер марафоны
05-10-2021 09:34
Қала балабақшаларындағы игіістер марафоны

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылғы 1 наурызда облыста «Игі істер марафоны» жобасы басталды. Марафон аясында Павлодар қаласының мектепкедейінгі ұйымдарында жобалар іске асырылды, қайырымдылық акциялары, байқаулар, челленджер өткізілді. Іс- шаралардың мақсаты - балалар мен ересектердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, әлеуметтік пайдалы қызметке қатысу.

«Ойыншыққа екінші өмір сыйла» қайырымдылық акциясы № 37, 45, 50, 51 балабақшаларда өтті. Ата-аналар қоғамдастығымен, тәрбиеленушілермен және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық ұжымдарымен бірлесіп, жөнделген ойыншықтар балалар үйінің бүлдіршіндеріне сыйға берілді.

«Жақсылық қақпақтары» әлеуметтік-экологиялық жобасын ұйымдастыру дәстүрге айналды.№ 7, 27, 28, 33, 37, 41, 57, 72, 112, 121, 126 балабақша тәрбиеленушілері 100 кг астам қақпақ жинап, ауыр науқасқа шалдыққан балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету үшін «Ашық жүрек» қайырымдылық қорына берілді. «Мектепке жол» акциясы аясында № 3, 12, 49, 51, 57, 115 балабақша қызметкерлерікөп балалы отбасылардан шыққан балаларға кеңсе тауарларымен, спорттық киіммен көмек көрсетті.

«Живи книга» челленджері № 9, 25, 30, 31, 34, 39, 49, 85, 115 балабақшаларда өткізілді. Қалпына келтірілген кітаптар қарттар үйіне, хосписке, балалар үйіне берілді.

Егде жастағы адамдарға көп көңіл бөлінеді. «Жүректен жүрекке» жобасының мақсаты-қарт адамдарға, соғыс ардагерлеріне қамқор көзқарас қалыптастыру.№ 1 балабақшаның тәрбиеленушілері, педагогтары мен ата-аналары өздері жасаған қолөнерді баспананың тұрғындарына сыйға тарту етті. Өз шағын ауданындағы жалғыз басты зейнеткерлерге № 18, 31 балабақшалардың педагогтары азық-түлік жиынтықтарымен, № 32 балабақшалардың педагогтарыжылы киімдермен көмек көрсетті, № 33 балабақшалардың қызметкерлері аумақты тазалауға көмектесті, № 10 балабақша 10 зейнеткерге «Ардагер» газетіне жазылуды ресімдеді.

«Біздің кішкентай достарымыз» акциясы аясында № 3, 7, 17, 21, 24, 52, 85, 102, 112 балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтары құстар үйін жасады, «Сердца Павлодара» қорымен бірге үйсіз қалған жануарларға арналған баспанаға құрғақ тамақ апарып берді.

Игі істер марафоны ұранмен жалғасады: «Бұл жақсылық, жақсылық жасаңыз, жақсылыққа бөлеңіз! Игі істер тек акция ғана емес, өмір қағидасы болсын - адамдарға көмектесу, жылулық, күлкі сыйлау, адамдарға, жануарларға, құстарға, табиғатқа ұқыпты қарау болсын. Тек айналаңызға қарап, кімге қолдау қажет екенін табу керек. Біз бәріміз өмірдің бір бөлшегіміз».