Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту
05-10-2021 16:30
Қала оқушылары арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту

Павлодар педагогикалық университеті мен Павлодар қаласының білім беру мекемелері арасында дебаттық қозғалысты дамыту бойынша ынтымақтастық меморандумын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 3 қазанда М. Әлімбаев атындағы ЖОМ Ы. Алтынсариннің 180-жылдығы, М. Әлімбаевтың туған күніне  арналған «Жаңа серпіліс» І қалалық турнирі өтті. № 1, 2, 19, 20, 21, 24, 35, 37, 39, 40, Жетекші ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы, М. Әлімбаев атындағы мектептің 10 - 11 сыныптың 28 оқушысынан құралған 14 команда қатысты.

Турнир 2 кезеңнен тұрды. Іріктеу турында командалар «Гендерлік мектептерді қолдаймыз», «Ақпараттандыру жақсылықтан да көп зиян келтіреді, «Gear Year-ды қолдаймыз» тақырыптарындағы пікірталастарға қатысты. Қорытынды турда командалар «Ата-ана армандары өз армандарынан маңызды деп санайды», «Ұлтсыз әлемді таңдаймыз» тақырыптарындағы пікірталастарға қатысты. Турнирде ұлы педагогтер идеяларының қазіргі заманмен үндестігі, Қазақстандағы мектептегі білім беру мәселелері,оқу процесінде білімді қамтамасыз етуге бағытталған білім берудегі жаңа технологиялардың рөлі,гендерлік теңсіздік мәселелері және оларды шешу жолдары, өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы отбасының рөлі туралы айтылды.

Жас дебатерлердің өнерін Павлодар педагогикалық университетінің «Ақиқат» студенттік клубының жетекші дебатерлері бағалады, іс-шараға Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі Еркеғали Жанғазы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен және ауыспалы кубокпен № 2 ЖОМ «Шабыт» командасы, ІІ дәрежелі дипломмен № 35 ЖОМ «Барыс» командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 37 ЖОМ «Тарлан» командасы марапатталды. Құрмет грамотасымен № 21 ЖОМ «Жас өрендер» командасы марапатталды. № 19 ЖОМ 10 сынып оқушысы Жасқайратова Аяулым «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

- Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық «Жаңа қөзқарас» дебат клубының белсенді қатысушылары. Дебат қозғалысының жандануының арқасында біз осы салада нағыз кәсіби мамандарды тәрбиелеп, қалада жас дебатерлердің кәсіби қауымдастығын құруға мүмкіндігіміз бар, - деп атап өтті өз сөзінде «Павлодар дарыны» орталығының басшысы Ақмарал Люлятовна Мухаметжанова.

Турнирдің барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды, жеңімпаз және жүлдегерлер командалардың жетекшілері «Павлодар дарыны» орталығының алғыс хатымен марапатталды.