Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Барлық алты қатысушы облыс бойынша жүлделі орындарға ие болды
07-10-2021 17:02
Барлық алты қатысушы облыс бойынша жүлделі орындарға ие болды

Облыста 2021 жылдың 7 қазанында «Жылдың үздік психологы - 2021» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Мақсаты - талантты психологтарды қолдау, әрі қарай кәсіби және шығармашылық өсуге ықпал ету. Байқауға облыстың білім беру ұйымдарының 30 педагог-психологы, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің, мектепке дейінгі ұйымдарының 6 педагог-психологы қатысты.

Байқау шарттары бойынша кәсіби шеберлік, психологиялық-педагогикалық қызмет саласындағы психолог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі анықтау қабілеті, білім беру үдерісінде психологиялық міндеттерді шешу және жобалау қабілеті, психолог мамандығы туралы ой-пікірлері бар эссе нәтижелері, өзінің кәсіби көзқарасы бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының барлық 6 педагог-психологы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 2, ІІІ орын - 1, номинациялар бойынша жеңімпаздар - 3.

І орынды Кенжекөл ЖОМ педагог-психологы Гүлзазира Мухмедрахимқызы Ахмекенова, М.Әуезов атындағы мектептің педагог - психологы Алма Кұрымбайқызы Борисова иеленді.

         ІІІ орынды № 32 ЖББМ педагог-психологы Анастасия Алексеевна Бережная иеленді.

«Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы бойынша - Қайырбаева Айнұр Қаржаубайқызы, № 122 мектепке дейінгі гимназияның педагог-психологы, «Үздік портфолио» номинациясы бойынша - Күнболатова Қуаныш Қуатқызы, Б.Момышұлы атындағы мектептің педагог-психологы, «Үздік эссе» номинациясы бойынша - Ахметова Гүлмира Оралқызы, № 19 ЖОМ педагог-психологы.