Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың өз ата-аналарының мамандықтары туралы бейнерепортажы
08-10-2021 09:16
Оқушылардың өз ата-аналарының мамандықтары туралы бейнерепортажы

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос  уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Все профессии хороши» атты бейнерепортаж қалалық қашықтық байқауын өткізді. Мақсаты - оқушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау, кәсіби қызмет туралы білімдерін кеңейту, отбасындағы кәсіби негіздер үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру. Конкурсқа қаланың № 2, 6, 7, 11, 21, 26, 28, 29, 33, 34, 36, 38, 39, 41, 43, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ 5 - 9 сыныптарынан 43 оқушы қатысты.

         Байқау қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 1,   ІІ орын - 2, ІІІ орын - 11.

         «Автомеханик» мамандығы бойынша әкесімен сұхбаты үшін № 26 ЖОМ оқушысы Алтаев Дамир І дәрежелі дипломмен марапатталды. Дамир оның жұмысы кәсібилікті, зейінділікті   қажет етеді деп санайды. Жөнделген машиналарды алып кетуге келген жүргізушілердің бақытты жүздерін көру өте жақсы. Дамир әкесімен мақтанады және барлық мамандықтар жақсы деп санайды.

         ІІ дәрежелі дипломмен № 26 ЖОМ 5 сынып оқушысы Алтаева Дария, № 41 ЖОМ 5 сынып оқушысы Пономарь Каролина марапатталды. Дария өз баяндамасында анасының кондитерлік жұмысы туралы айтты, оны «тәтті мамандық» деп санайды. Анам өзінің сүйікті мамандығына жолын балаларына түрлі тәттілерді дайындаудан бастады, содан кейін осы мамандықты игеруді шешті және қазір «Flora Trade» кондитерлік дүкенінде жұмыс істейді және қала тұрғындарын  дәмді   тәттілерімен қуантып жүр.

         № 2, 7, 21, 29, 39, 41, 43, Кенжекөл мектеп оқушылары ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылар өздерінің «Заңгер», «Кондитер», «Мұғалім», «Дәрігер», «Экономист», «Автомеханик», «Өрт сөндіруші», «Биолог» мамандықтары туралы репортаждарында олар үшін үлгі болып табылатын, ата-аналарының күнделікті жұмысын және қала тұрғындарына қандай пайда әкелетінін көрсетті.