ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік тілдің білгірлері
29-10-2021 16:06
Мемлекеттік  тілдің білгірлері

2021 жылдың 28 қазанында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Қоғамдық келісім» КММ «Өнер алды - қызыл тіл» байқауының облыстық кезеңі өтті. Мақсаты - мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау арқылы жалпықазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Байқауға қалалық кезеңнің жеңімпаздары, Павлодар қаласының  № 2, 5, 14, 16, 17, 18, 20, 27, 28, 41, М. Әлімбаев атындағы  жалпы білім беру мектептерінің   8 - 11 сыныптың  11 оқушысы қатысты. Байқаудың ашылуында  Қазақстан халқы Облыстық ассамблеясы  хатшылығының басшысы Айнұр Раисова қатысушыларды құттықтады.

Қатысушылар мемлекеттік тілде өздері туралы әңгімелеп, 2021 жылдың мерейтойлық  күндеріне  арналған көркем шығармаларды жатқа оқыды. Барлық  қатысушылар ұлттық киімдермен өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша 3 оқушы  жүлделі орындарға ие болды.  I орынды № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Чижова Карина, II орынды № 18 ЖОМ 8-сынып оқушысы Агелиева Найля және III орынды № 41 ЖОМ  9-сынып оқушысы Ляхова София иеленді. Ережеге сәйкес облыстық турдың жеңімпазы  республикалық турға қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломдары  және сыйлықтармен  марапатталды. Қатысушылар мен оқушыларды дайындаған ұстаздар  алғыс хаттармен марапатталды.