ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық тәжірибе - іс жүзінде
01-11-2021 18:16
Инновациялық тәжірибе - іс жүзінде

2021 жылғы 1 қарашада білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Павлодар қаласының №36 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-мен бірлесіп ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде семинар өткізді.  Семинарға Павлодар қаласы мектеп директорларының 49 орынбасарлары қатысты.

Мектеп «Экологиялық бағыттағы бейіндік мектеп моделін іске асырудың тиімділігі» тақырыбы бойынша инновациялық қызмет тәжірибесін ұсынды. Семинардың мақсаты - экология бойынша инновациялық мектептің табысты жұмыс тәжірибесін тарату.

Басшының орынбасарлары Н. В. Копыльцова, О. Ю. Береснева, З. М. Русакова мектептің даму моделі мен осы бағыттағы жұмыс жүйесін таныстырды.

Мектептің даму бағытының өзектілігі білім алушылардың құзыреттілігін, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негізделген қазақстандық білім беру технологиялары мен білім беру мазмұнын жаңартумен байланысты.  

2021 - 2022 оқу жылында мектеп ұжымы «ІІІ мыңжылдық мектебі - Әлем адамы» Даму Бағдарламасы іске асыруға ықпал ететін «Мазмұнды жаңарту жағдайында оқу тәрбие үдерісі сапалы нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында мектептің құзыретті білім беру кеңістігін құру» перспективалық тақырыбымен жұмыс істеуді жалғастырды.

Мазмұнды жаңарту бойынша мектеп жұмысының нәтижесі оқу тәрбие үдерісі «Экология және даму» педагогикалық жүйесін енгізу, экология бойынша халықаралық жобаға кіру, жаратылыстану математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде үш тілде оқыту бойынша Пилоттық жобаға қатысу болды.

Оқу жұмыс жоспарына 37 пәндік арнайы курстар енгізілді, оның ішінде 27 экологиялық және жаратылыстану-математикалық мазмұндағы курстар. Мектеп идеяларының өзектілігі мен тиімділігі мұғалімдер ұжымы мен оқушылар жұмысының нәтижелерімен расталады. Семинар тыңдаушыларына 4-сыныпта «Қоршаған әлем» лицейлік компонентінің (Щербинина Н.В.), 6-сыныпта «Экология» (Ергалиева С.К.), 7-сыныпта «Биология әлемі ағылшын тілінде» (Джавадова М. Б.) арнайы курстарының үзінділері ұсынылды.

 Семинар қатысушылары үшін № 36 мектептің экология мұражайы бойынша виртуалды экскурсия өткізілді. Сабақтан тыс қызмет аясында мектеп Павлодарлық «Жасыл ел» штабымен ынтымақтасады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мектепте акциялар өткізіледі:  «Экосөмкелер» (өз қолдарымен жасалған шопперлер), қоқысты бөлек жинау, Усолка өзенінің алқабын тазарту бойынша іс-шаралар, Германиямен PASCH халықаралық жобасы аясында жобалау жұмыстары жүргізілуде.

 2021 жылдың маусым айында мектеп «Жасыл мектеп» халықаралық жобасының жеңімпазы атанды, 1000 еуро ұтып алды, соның арқасында мектеп аумағында 36 шырша отырғызылды. 2021 жылдың қазан айында мектеп Алматы қаласы, «PlastNet» пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу желісі» ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға, «Мектептер: болашақтың серіктестері» бастамасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Экологиялық тәрбиенің өзекті бағыты бойынша мектеп тәжірибесі семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Мектеп тәжірибесі облыс деңгейінде жалпылау және тарату үшін ұсынылады.