ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорттық би бойынша павлодарлық жұптың кезекті жеңісі
04-11-2021 09:57
Спорттық би бойынша павлодарлық жұптың кезекті жеңісі

Бишілер сайысы Павлодар қаласының «Автомобилист» спорт кешенінде өтті. Павлодар қаласының қатысушыларынан басқа турнирге Нұр-Сұлтан, Атбасар, Өскемен, Семей, Көкшетау, Қарағандыдан спортшылар жиналды.

Чемпионаттың төрт алтын және екі күміс медалін жеңіп алған павлодарлық жұп Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахым тағы да көзге түсті. Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің бесінші сынып оқушылары латынамерикалық және еуропалық бағдарламалардың үш түрінде жеңіске жетті.

Жас бишілер бес жасынан бастап Алексей мен Татьяна Веригидің жетекшілігімен «Классик» спорт клубында би билейді. Жұп көптеген ұлттық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері болды. Қазан айында Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахым Өскемен қаласында спорттық би бойынша «VOSTOK-OPEN 2021» ашық турнирінде жеңіске жетті.