ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық олимпиаданың үздік педагогтары
05-11-2021 07:00
Республикалық олимпиаданың үздік педагогтары

Павлодар облысын 2021 жылдың 1 - 4 қарашасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» - «Талантливый учитель - одаренным детям» республикалық педагогикалық олимпиадасында олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары 5 педагогтан құралған команда таныстырды. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында тәжірибесі 5 жылдан аспайтын жас педагогтар арасында республикалық олимпиаданың финалы өтті.

Республикалық педагогикалық олимпиаданың қорытындылары бойынша 4 қатысушы, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі ұйымдарының 2 қатысушысы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласының № 49 санаторлық сәбилер-балабақшасының тәрбиешісі Әсия Дүйсенбайқызы Аксенова марапатталды.

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасындағы ерекше жетістіктері үшін» номинациясын Павлодар қаласы № 17 жалпы орта білім беретін бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хашим Махсатгүл иеленді.

      Олимпиаданың барлық қатысушыларына «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысқаны туралы сертификаттар берілді.