ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар транспарентті және есеп беретін мемлекет үшін
14-04-2022 10:01
Павлодарлық оқушылар транспарентті және есеп беретін мемлекет үшін

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық және адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, қоғамның назарын сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылықтарының салдарына аудару. Байқауға жалпы білім беретін № 1, 14, 18, 19, 26, қаласының К. Мақпалеев атындағы мектептердің 7 - 11 сыныптарынан 36 оқушы қатысты.

Конкурс шарттары бойынша қатысушылар «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбына бейнероликтер ұсынды. Бейнематериалдарда олар парақорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы сюжеттерді көрсетті, адал өмір сүріп, айналасындағыларға зиян келтірмеу керек  деген өз тұжырымдарын жасады.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 1 ЖОМ 10 сынып оқушылары арасынан «Ұлағатты жастар» командасы иеленді. Өз бейнеролигінде оқушылар жол жүру ережесін білмей жүргізуші куәлігін алудың заңсыздығын көрсетті. Ережені білмеу жолдардағы апаттық жағдайлар мен жарақаттарға алып келеді және қала тұрғындарын   адал өмір сүруге, сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырады.

ІІ орын № 18 ЖОМ 10 сынып оқушылары құрамындағы «Көшбасшылар» командасына, ІІІ орын № 19 ЖОМ 11 сынып оқушылары - «Болашақ» және № 14 ЖОМ 10 сынып оқушылары - «Патриоттар» командаларына берілді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. № 1 мектеп командасының жұмысы «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» конкурсының облыстық кезеңіне бағытталған.