ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тиімді басқаруды үйрену
14-04-2022 12:12
Тиімді басқаруды үйрену

Жас директор мектебінің жұмыс жоспары аясында 2022 жылғы 13 сәуірде «Нормативтік талаптар аясында мектеп жұмысын талдау мен жоспарлаудың технологиялық тәсілдері» атты семинар-практикум өтті, оған 30 мектеп басшысы қатысты.

Семинар барысында мектеп директорлары оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен бірге жоспарлау түрлерімен, мектеп жұмысы жоспарының негізгі бағыттарының мазмұнымен, жылдық жоспарды әзірлеу технологияларымен, оқу жылындағы мектеп жұмысын талдауды модельдеудің тиімді тәсілдерімен танысты.

Практикалық сессия барысында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г. Ш. Шиндлярская мектептің жұмыс жоспарларын талдау бойынша практикум ұйымдастырды, оның барысында жас басшыларға қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалу дәрежесін, мектеп жұмысының нәтижелерін көрсетуді, оқу-тәрбие үдерісінің барлық негізгі аспектілерін талдаумен қамтуды, өзара іс-қимылды, жоспар мен іс-шаралардың үйлесімділігін, жаңа оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттердің нақтылығын, негізділігін талдады.

Білім беру бөлімінің әдіскері Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы мектеп басшыларына жанжалды жағдайлардың алдын алу және жанжал жағдайынан шығу әдісі ретінде «Психологиялық айкидо» әдісімен таныстырды. Іскерлік ойын түрінде директорлар мен директорлардың орынбасарлары психологиялық амортизацияның тиімді түрлері: тікелей амортизация, артта қалған амортизация, профилактикалық амортизацияны сынақтан өткізді:

Практикум және тренинг материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.