ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығындағы туған өлкенің табиғат бейнелері
15-04-2022 11:40
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығындағы туған өлкенің табиғат бейнелері

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 12 сәуірде онлайн форматта Қазақ КСР Халық суретшісі, кескіндемеші Жанатай Шарденовтың 95 жылдығына арналған көркем шығармашылықтың «Туған табиғат бейнелері» қалалық байқауы  өткізілді. Байқаудың мақсаты - мәдени және эстетикалық тәрбиені, көркем шығармашылықты қалыптастыру, туған өлкенің табиғатын зерттеу.

  Байқауға қаланың 28 жалпы білім беретін мектептерінің 1 - 4 сыныптарынан 120 оқушы қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар «Туған табиғат бейнелері» тақырыбына суреттер ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 63 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 19, ІІ орын - 20, ІІІ орын - 24.

   І орынды 1 сынып оқушылары арасында «Течет, живет Иртыш» суреті үшін Сағадат Шадияр (№ 9 мектеп-гимназиясы), «Көктем өрнегі» суреті үшін  Ахметова Дарина (№ 14 ЖОМ), «Туған жерім - Таулы Алтай» суреттері үшін Лайыхқызы Ажар (№ 17 ЖОМ), «Табиғат аясында» суреті үшін Серік Айша (№ 19 ЖОМ), «Жазғы шуақ» - Бейсенбенова Арай (Б. Момышұлы атындағы мектеп) «Байтерек -туған жер төрінде» -Уахит Айсана (№ 36 ЖОМ) иеленді.

   I орынды 2 сынып оқушылары арасында «Көктемді күннің батуы» суреті үшін Шамгунова Халида (№ 16 мектеп-лицейі), «Ауылдың табиғаты» суреті үшін Сартаева Айша (№ 1 ЖОМ), «Туған жерім – мақтанышым» суреті үшін - Рақым Азиза (№ 2 ЖОМ), «Күзгі күндер» суреті үшін - Антонова Арина (№ 21 ЖОМ)  иеленді.

  I орынды 3 сынып оқушылары арасында Колесников Варвар «Қазақстан даласы» суреті үшін, Нұрмағамбетов Жәмилә (№ 16 мектеп-лицейі) «Гүлдердегі құс»  суреті үшін, Жуков Мираслав, «Табиғат ғажайыптары» суреті үшін, Токенов Дамир (№ 26 ЖОМ), «Туған жер» суреті үшін  - Хабибуллина Эвелина (К. Макпалеев ат), «Жайлаудағы жаз» суреті үшін - Исакова Яна (№ 41 ЖОМ), «Болашаққа жол» суреті үшін - Самратова Айжан (№ 33 ЖОМ), «Жайлау» суреті үшін - Эргешов Элнур (№ 37 ЖОМ) иеленді .

   І орынды 4 сынып оқушылары арасында «Менің туған өлкем» суреті үшін Сулейменова Еркежан (К. Макпалеев атындағы мектеп) иеленді.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.