ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ардагерлермен өзекті диалог
15-04-2022 15:17
Ардагерлермен өзекті диалог

    2022 жылғы 15 сәуірде № 7 мектеп базасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің педагогикалық еңбек ардагерлерінің дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесудің бастамашылары Павлодар қаласыныңбілім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтказина және «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы»ҚБ төрайымы С. Ш. Сеитова болды.

    Кездесу орны кездейсоқ таңдалмады. № 7 мектепте «Замануи мектеп» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Х. В. Бекбосынова заманауи жабдықтармен және жиһазбен жабдықталған мектеп кабинеттеріне экскурсия жүргізді, спорт залдары мен шеберханалар, оқузертханалары мен асхана таныстырылды.

   Ардагерлер мектеп оқушыларын оқыту жағдайларының сапасын жоғары бағалады. Білім бөлімінің басшысы С. О. Айтказина ардагерлерге білім беру саласындағы жаңа жобаларды таныстырды.

 Шәй үстінде өткен дөңгелек үстел барысында тәлімгерлік, қаланы жабдықтау жүйесіндегі перспективалық және іске асырылып жатқан жобалар, тәрбиелеудің, дарынды оқушылармен жұмыс істеудің, ата-аналармен жұмыс істеудің өзекті мәселелері талқыланды.

    Қалалықжас педагогтар кеңесі төрағасының орынбасары Олжас Умаров ардагерлерге жас педагогтар кеңесінің бастамалары, қаланың жас мұғалімдерінің қызығушылықтары бойынша 9 клубтың ашылуы туралы айтып берді.

   Кездесу барысында білім бөлімінің және білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бастамасымен құрылған Жас педагогтардың ерікті ансамблінің презентациясы өтті. Ансамбльге арналған костюмдерді қалалық кәсіподақ сатып алды. Ардагерлер жас әріптестерінің өнерін жоғары бағалады.

   Кездесу соңында ардагерлер кездесуді ұйымдастырғаны, қамқорлыққа назар аударғаны, қаланың бүгінгі білім күнін өзкөздерімен көруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, Павлодар қаласының білім бөлімінеәрдайымжоғарыдеңгейдеқалудытіледі.