ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу
18-04-2022 16:34
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу

   Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері «Жаңа шындық жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты - Республикада мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу нәтижелерін ұсыну және тарату.

   Конференцияға «Педагогикалық шеберлік орталығы» жеке мекемесінің, Нұр-Сұлтан қаласының балаларды ерте дамыту институтының басшылары мен қызметкерлері, «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ, Павлодар қаласының Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ғалымдары, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің өкілдері, республиканың мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.

   Павлодар қаласының мектепке дейінгі білім беру педагогтері «Мектепке дейінгі білім берудегі көшбасшылық және басқару» секциясында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. №11 балабақшаның тәрбиешісі Беркетова Елена Николаевна «Педагогтің рефлексивті мәдениетін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру педагогінің рефлексивті мәдениетін дамыту туралы сөз сөйледі. №30 сәбилер-балабақшасының әдіскері Асқарова Саяра Ершатқызы «Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мәселелері туралы айтты.

   Конференцияның тәжірибелік блогында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Рахымжанова Құндыз Мұратханқызы және Павлодар қаласы «Мерей» білім беру-дамыту орталығының №29 сәбилер-балабақшасының әдіскері Тоғанбекова Динара Қабылқайырқызы «Мектепке дейінгі ұйымда пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ұйымдастыру» тақырыбында шебер-сағат өткізді. Қатысушыларға балабақшадағы пәндік-кеңістіктік даму ортасын бағалау бойынша чек-парақтар ұсынылды.

  Конференция қорытындысы бойынша Павлодар қаласының конференция жұмысына қатысушылар тәжірибені тарату туралы сертификаттарға ие болды.