Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас табиғат қорғаушылардың қалалық форумы
18-04-2022 16:04
Жас табиғат қорғаушылардың қалалық форумы

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 2022 жылғы 14 сәуірде «Табиғатты аяла» республикалық форумының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, табиғат қорғау қызметіне баулу. №30, 34, 37, 43, Жетекші мектептерінің15 жас өлкетанушылар, экологтар, натуралистер және қаланың экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

   Форум 5 номинация бойыншаөтті. Форум шарты бойынша қатысушылар флора мен фауна туралы макеттер, шығармашылық жобалар, абаттандыру, көгалдандыру бойынша бейнероликтер, экологиялық акциялар, жылы жайлар, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелер, мектеп орманшылықтары, экологиялық патрульдер, мектеп ауласының, балабақшаның ланшафттық дизайндерін, суреттерді ұсынды. Форум қорытындысы бойынша 12 қатысушы номинант атанды.

   «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойынша I орынды № 34 ЖОМ 7 сыныпоқушысы Полякова Ксения иеленді. Ол «Ирбис - тәуелсіз Қазақстанның символы» макетін ұсынды. ІІ орынды Жетекші мектебінің 7 сынып оқушысы Юсупова Данель иеленді.

   «Zhasylel» номинациясы бойынша «Павлодар облысының экологиялық жағдайы» шығармашылық жобасы үшін №37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Құнанбаев Ернар I орынды, II орынды №28 ЖОМ 7 сынып оқушысы, орталықтың тәрбиеленушісі Уалиева Алина, III орынды № 30 ЖОМ 7 сынып оқушысы, орталықтың тәрбиеленушісі Қайыржан Асылхан иеленді.

  «Eko-Bolashak» номинациясында «Мектеп алды оқу-тәжірибе алаңындағы жұмыстар» бейнеролигін ұсынғаны үшін №37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сурумбетова Камиля І орынды, Жетекші ЖОМ 11 сынып оқушысы Қайыргелдинова Аида ІІ орынды, №34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Сүлейменова Томирис ІІІ орынды иеленді.

   «GREEN OASES» номинациясы бойынша«Мектеп ауласы» ландшафтық экожобасы үшін I орынды №34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Стародубцева Надежда иеленді.

   «Туған өлкенің бояулары» номинациясы бойынша Жетекші ЖОМ 10 сынып оқушысы Әмірбекова Диляра «Туған ертіс өңірі» электронды экологиялық ашықхат үшін I орынды, № 30 ЖОМ 8 сынып оқушысы Асылхан Нұрдәулет II орынды, № 43 ЖОМ 10 сынып оқушысы Подольская Юлия III орынды иеленді.

   I орын алған оқушылар мамыр айында республикалық форумның облыстық кезеңіне қатысады.