ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар қазақ тілі және әдебиетінен білімдерін тексерді
18-04-2022 17:47
Павлодарлық оқушылар қазақ тілі және әдебиетінен білімдерін тексерді

   Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде  2022 жылы 15 сәуірде К. Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша  республикалық  олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

  Іс-шараға мемлекеттік тілде оқитын облыстық мамандандырылған және орта жалпы білім беру мектептерінің 9 - 11 сынып оқушыларының 44 оқушысы қатысты.

  Олимпиада жазбаша эссе, ауызша - қазақ тілін,қазақ әдебиеті шығармаларын, К. О. Бітібаева өмірбаянын, оның ғылыми мұралары мен еңбек баспаларын білу.

   Олимпиада қорытындысы бойынша 21 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, сонымен қатар І орындыПавлодар қаласының № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дюсембаева Томирис, ІІІ орынды- Павлодар қаласының № 2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Акишпаева Аделя иеленді.

  Әділ қазы шешімі бойынша Өскемен қаласында 2022 жылы мамырда республикалық олимпиадаға облыстық кезеңде І және ІІ орын алған оқушылар қатысады.