ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі бағдарламасын іске асыру
19-04-2022 10:33
Коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі бағдарламасын іске асыру

   Павлодар қаласының білім беру бөлімі №6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетімен бірлесіп «Ерекше білім беруді қажетететін балаларды психологиялық қолдаудың әдіснамалық негіздері және инклюзивті жалпы білім беру кеңістігіндегі педагог-ассистенттердің өзараіс-қимылы» атты оқыту семинарын өткізді. Мінез-құлықтық олданбалы талдау бойынша семинар ZOOM платформасында онлайн формата өтті. Мақсаты - «PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі» бағдарламасын зерттеу және жүзеге асыру. № 6, 25 ЖОМ инклюзиянық олдау кабинетінің әдіскерлері, дефектологтары, Қ. Мақпалеев (2), Б. Момышұлы, М. Әуезов, № 6 (12), 7 (2), 11, 18, 33, 34, 35, 38, 40, 43 мектептердің педагог-ассистенттері қатысты.

 Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова «PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі» бағдарламасын іске асыру бойынша педагог-ассистенттердің қызметін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне тоқталып, «Арнайы және инклюзивті білім берудің үздік оқу-әдістемелік құралы» қалалық және облыстық байқаудың ережелерімен таныстырды. Семинар қатысушыларына инклюзияны қолдау кабинетінің, психологиялық-педагогикалық қызметтің ерекше білім беруді қажет ететін балаларымен практикалық жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

  Бейсембекова Мадина Ерсінқызы «АСБ балалардың тілін дамыту» интерактивті презентациясын ұсынды. Ол сөйлеуді дамыту әдістемесі туралы сұрақтарға тоқталып, аутизмдегі сөйлеу патологиясы бар балаларда тілді дамытудың тиімді әдістерінің мысалдарын келтірді. Каримбаева Зульфия Анваровна «МҚҚТ - әдістемесінің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында бақылау нәтижелерін салыстыру мысалында сөз сөйледі. Мустафина Диляра Иратовна «Мінез - құлықты қолданбалы талдау», Уәли Камиля Маратқызы «Қолданбалы мінез-құлық талдауын қолдану арқылы практикалық тренингтер», Медева Мадина Рамазанқызы «Қолданбалы мінез-құлықты талдау негіздері», Шорохова Марина Вячеславовна «Мінез - құлықты қолданбалы талдаудың функционалдық талдауы және нығайту әдістері», Шакирова Динара Маратқызы «МҚҚТ - терапия мінез-құлықты қолданбалы талдау әдісі» тақырыптарында сөз сөйледі.

  Сондай-ақ, мамандар мен пән мұғалімдердің бірлескен жұмысы, аутистік спектрдің бұзылуы бар оқушылардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізу, қолданбалы мінез-құлық араласуларын жоспарлау, деректерді жинау және талдау, аутистік спектрдің бұзылуы бар оқушылардың үлгерімін бақылау туралы мәселелер талқыланды.

 Алдағы уақытта инклюзияны қолдау кабинетінің мамандарымен жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесіп, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және әлеуметтендіру сапасын арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық пен жұмыс тәжірибесін алмасуды жалғастыру жоспарлануда. Семинар материалдары педагог-ассистенттердің жұмыста пайдалануы үшін қала мектептеріне жіберілді.