ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепті жобалық басқарудағы табысты тәжірибелер панорамасы
20-04-2022 15:05
Мектепті жобалық басқарудағы табысты тәжірибелер панорамасы

   Мектеп директорлары орынбасарларының шығармашылық зертханасы аясында 2022 жылғы 19 сәуірде №16 лицей-мектебінде Павлодар қаласы жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарларына «Мектепті жобалық басқарудағы табысты тәжірибелер панорамасы» атты семинар өткізілді. Семинар білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты - білім беру үдерісіне мектепті жобалық басқаруды енгізу бойынша тәжірибе және шығармашылық идеяларымен алмасу.

   Семинарда келесі мәселелер қарастырылды: мектепті басқарудың тиімді әдістері, педагогтердің кәсіби, ғылыми-әдістемелік біліктері мен дағдыларын жетілдіру, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен нәтижелілігін қамтамасыз ету. Семинардың модераторлары №16 лицей-мектебінің директоры және директордың орынбасарлары болды.

   Білім беру саласын жаңғырту және оның сапасы ұғымына қойылатын талаптарды өзгерту жағдайында мектептің дамуын инновациялар негізінде басқаруға мүмкіндік беретін сауатты құрылған менеджмент ерекше рөл атқарады.Инновациялық даму режимінде жұмыс істейтін білім беру мекемесіне Инновациялық менеджмент - «өзгерістер менеджменті» қажет, мұндай өзгеріс білім беру үдерісіне мектептің жобалық басқаруын енгізу нәтижесінде болды.

   Семинардың бірінші бөлімінде табысты педагогикалық практика арқылы мектепті жобалық басқару дағдыларын дамытудағы негізгі басымдықтарды анықтаған қала мектептерінің меңгерушілерімен топтық жұмыс жүргізілді.

   Екінші бөлімде ТEDx форматында жобалық басқарудағы кәсіпқойлардың шеберханалары өтті, онда үш бағыт бойынша тиімді практикалардың жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

   Бірінші - Олимпиадалық резерв мектебі «Үркер» жобасы - И. В. Довгаленко, Н. С. Кайль, «Мектеп көктемі» жобасы - И. А. Демиденко, М. К. Алимова, «Болашақ soft skills дағдыларын қалыптастыру» - К. А. Зотова, А. Б. Серикбаев.

   Екінші - Үйрен бөліс - «Оқуға құштар мектеп» жобасы - А. А. Морец, И. В. Кайлер, «Онлайн Академия» жобасы - И. Н. Лысенко, Е. Л. Чайковская, «Көшбасшылық және тәлімгерлік мектебі» жобасы - Ж. Ж. Жақсылықова, «Сабақты зерттеу практикасы» жобасы - Г. Е. Казкенова.

  Үшінші - «Жас ұрпақтың денсаулық сақтау дамуы» «ШЫҢ» дебат клубы - О. С. Дубовицкий, «Статодинамика» жобасы - Р. З. Смағұлов, «Twister!» ойын - жобасы - Т. С. Досмағамбетова, С. Т. Қошқарбаева.

   Семинар соңында мектеп директорларының орынбасарлары мектеп әкімшілігінің табысты тәжірибесіне, педагогтердің инновациялық идеяларына жоғары баға беріп, тәжірибені облыс және республика деңгейінде жүйелеуді ұсынды.