ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жұмысының инновациялық тәжірибесін сараптау
21-04-2022 19:50
Мектеп жұмысының инновациялық тәжірибесін сараптау

   2022 жылғы 21 сәуірде Павлодар қаласының № 14 ЖОМ-да мектептің инновациялық қызметінің қорытындыларын талдау жөніндегі қалалық сараптамалық кеңес өтті. Мектеп «Мектептің инновациялық қызметін жүзеге асыру қорытындылары» тақырыбы бойынша жұмыс жүйесін ұсынды. Қаланың 33 мектебінің өкілдері қатысты.

  Мектеп директоры Асхат Төлегенұлы Сачанов кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларды сараптамалық кеңестің бағдарламасымен, мектептегі инновациялық өзгерістердің негізгі бағыттарымен, ұжым қызметінің нәтижелерімен таныстырды. Мектептің инновациялық қызметі туралы директордың орынбасарлары Масакбаева Гүлнара Мақсұтқызы және Киргеева Гульнара Кабыловна баяндама жасады.

  Қонақтарға «Сөйлемнің негізгі мүшелері. «Қазақстанның су айдындары» тақырыбы бойынша 3 В сыныпта орыс тілінің мұғалімі Тарасова Ирина Алексеевна, «Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептер шығару» тақырыбы бойынша 4 Ә сыныпта математика пәнінің мұғалімі Смағұлова Гаухар Тасақайратқызы, «Спартак көтерілісі ежелгі әлемдегі құлдықты қалай сипаттайды» тақырыбы бойынша 5 А сыныпта Дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі Испулганова Жұлдыз Қайыргелдіқызы, «Абай - ұлы ойшыл» тақырыбы бойынша 7 сыныпта Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі Адилов Анвар Вадимович ашық сабақтар ұсынылды.

   Сондай-ақ, келесі арнайы курстар бойынша ашық іс-шаралар ұсынылды: 3 А сыныпта «Геометриялық фигуралар әлемінде», мұғалім Иваненко Людмила Викторовна, 4 Ә сыныпта «Аспан әлеміне саяхат», мұғалім Мержоева Айнагүл Амангелдіқызы, 6 Ә сыныпта «Қызықты экология», мұғалім Жүніспаева Айсана Еркінқызы, 7 Ә сыныпта «Adventure Story» мұғалім Қадырханов Фархат Оразұлы.

  Сараптамалық кеңестің 2 бөлімінде мұғалімдер Ольга Владимировна Попованың «Миға шабуылдау әдісін қолдану арқылы сыни ойлауды дамыту» тақырыбында, Қайырбекова Ақмарал Абылайханқызы «Сындырлы оқыту - заман талабы» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, мектеп психологі Гессе Светлана Васильевнаның «ЕҚТБ жұмысының жеке және топтық формасы» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесімен, шебер-сағаттар, инновациялық технологиялардың тұсаукесерлері, практикалар өткізілді.

  Мектеп директорларының орынбасарларына қалалық, облыстық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері қатарынан мектептің көркемдік ұжымдарының өнер көрсетулері, мектеп мақтанышы және облыс мектептері арасындағы лушим мектеп мұражайы болып табылатын И. В. Панфилов атындағы Әскери даңқ мектеп мұражайы таныстырылды.

  Сараптамалық кеңес мүшелері мектептің инновациялық қызметіне жоғары баға берді.Облыс деңгейінде ұсыну үшін көптілді курстарды, оқу жоспарының вариативтік бөлігінің пәндерін, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау жүйесін және тәрбие жұмысы жүйесінің тиімділігін енгізу тәжірибесі ұсынылды.