ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Республикалық пәндік олимпиаданың 6 жүлдегері
03-05-2022 10:46
Республикалық пәндік олимпиаданың 6 жүлдегері

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі биыл «U-Study» орталықтарында «бір қатысушы - бір компьютер - бір камера» қағидаты бойынша барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда өтті. Республикалық олимпиада жаратылыстану - математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 - 11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізілді. Қорытынды кезеңде біріншілік үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 2000-нан астам қатысушы жарысқа түсті.

        Олимпиаданың тапсырмалары әр кезеңнің басына бір уақытта «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының интернет ресурсы арқылы ұсынылды және әрбір қатысушының алдын ала берілген дербес қолжетімділік коды болды. Тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге берілді және «Дарын» орталығының интернет-ресурсында олардың жеке деректері көрсетілмей орналастырылды. Тур нәтижелері бар тапсырмалар мен хаттамалардың дұрыс жауаптары «Дарын» орталығының сайтында да жарияланды. Оқиға онлайн режимінде көрсетілді, бейнебақылауға барлық сілтемелер «Дарын» орталығының сайтында қолжетімді болды.    

        Республикалық олимпиада да Павлодар облысы   оқушыларының құрама командасы 116 қатысушы, оның ішінде Павлодар қаласының  № 2, 7, 11, 19, 21, 25, 34, 37, 39 (2), М. Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептерінің 12 оқушысы қатысты.

         Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан тарихынан  Павлодар қаласының  № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз, орыс тілі мен әдебиеті бойынша № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Вакулина Диана алтын медальға ие болды.

     Павлодар қаласының № 11 ЖОМ 11 сынып оқушысы Борецкий Богдан құқықтану негіздері бойынша, Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Әбілхан Әлімхан география пәні бойынша күміс медальға ие болды.

         Қола медальді физика пәні бойынша № 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Артықбай Ернар, биология пәні бойынша № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Березина Дарья, құқықтану пәні бойынша № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Нұрболат Аружан жеңіп алды. Республикалық олимпиада жеңімпаздары әрі қарай біздің елімізді халықаралық олимпиадаларда таныстырады.