ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес № 24 ЖОМ «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу қызметін ұйымдастыру» семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты-бас
03-05-2022 12:11
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметі  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес № 24 ЖОМ «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу қызметін ұйымдастыру» семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты-бас

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес № 24 ЖОМ «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу қызметін ұйымдастыру» семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын жобалық-зерттеу қызметіне дайындаудың жүйелі тәсілін қарастыру. Жалпы білім беретін мектептерден 40-тан астам мұғалім қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Шаханқызы Қайырғазина зерттеу жұмыстарының кезеңдерімен және жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптармен таныстырды.

Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері № 25 мектептің педагог-зерттеушісі Ысқақова Бақтыгүл Сағандыққызы және Жомартова Дана Хабдуллақызы «Бастауыш сынып оқушыларымен тиімді зерттеулер жүргізу тәсілдері», «Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарында нәтижелерге қол жеткізу жолдары» тақырыптарында жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Олар зерттеуді жоспарлау және эксперимент жүргізу үрдістері туралы айтты. Жетекші мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеушісі Орынғазиева Гүлназ Орынғазықызы «Оқушыларды зерттеуге ынталандыру» тақырыбында баяндама жасады. № 24 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Садықова Бағлан Аманжолқызы «Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Зерде» республикалық және облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері № 24 ЖОМ оқушылары Рамазан Айым, Сейтхан Құралай, Қайырбек Маржан өз жұмыстарының тақырыптарымен, мақсат қоюымен, тақырыпты ашуда түрлі тәсілдердің қолданылуымен, ғылыми жобаның тұсаукесерін өткізумен таныстырды.

Айта кету керек, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі мұғаліммен бірлескен жұмыс үдерісі болып табылады, сөзсіз мұғалімдер мен балалардың шығармашылық ынтымақтастығына ықпал етеді, рухани жақындық пен бірлесіп құру атмосферасын жасайды, оқуға деген оң уәжді қалыптастырады. Семинар материалдары қаланың бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларымен зерттеу жұмыстарын жүргізудегі практикалық қорды толықтырды.