ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Физика және биология мұғалімдерінің қалалық семинары
03-05-2022 16:50
Физика және биология мұғалімдерінің қалалық семинары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 16 лицей- мектебінде - «Сабақтан тыс уақытта» семинар - форсайт-бюросын әдістемелік конструктор форматында өткізді. Мақсаты - оқушыларды бейресми оқыту кезінде экожүйелік тәсілді зерттеу. Семинар әр түрлі формадағы 4 блоктан тұрды: ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданумен инновациялық тәсіл, «Жаңа кәсіптер атласы» республикалық жобасын іске асыру, биология сабақтарында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, жас мамандар зертханасы.

№ 16 лицей-мектебінің биология пәні мұғалімі, педагог-шебер, биология пәні бойынша электрондық оқулықтың авторы Елена Леонидовна Чайковская қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мәселелері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Физика мұғалімі Айжамал Сланбекқызы Батаева «Оқушылардың зияткерлік дамуын басқару жүйесіндегі физика дидактикасы жөнінде кейс-тапсырмалары» тақырыбы бойынша шығармашылық есеп түрінде бейіндік оқыту жағдайында мектептегі білім беру практикасына кейс-әдісті енгізу проблемасын ашты. Оның мәні - оқушыларға нақты өмірдегі фактілер негізінде өмірлік проблемаларға қатысы бар жағдайды түсіну және шешімін табу ұсынылады.

Семинарға қатысушылар аталған технологияларды іс жүзінде топтарда пысықтады. Барлық ақпарат пен құжаттарға сілтемелер семинарға қатысушыларға ұсынылды және мектептерге жіберілді.