ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жігер» клубының тәрбиеленуші халықаралық конкурста гран-при иеленді
04-05-2022 09:58
«Жігер» клубының тәрбиеленуші халықаралық конкурста гран-при иеленді

«Magic Moments» халықаралық конкурс-фестиваліне 3 - 16 жас аралығындағы 50-ге жуық балалар мен жасөспірімдер қатысты, оның ішінде Темиралинова Назира, Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Рақым» бөлімшесіндегі шәкірті болды. Конкурсты ұйымдастырушы «Festival KZ» халықаралық конкурстық жобасы болып табылады. Байқау С. Торайғыров университетінде 3 номинация бойынша өтті - вокал, хореография және көркем сөз.

Байқаудың қорытындысы бойынша Назира «Вокал» номинациясында  гран-при иегері атанып, конкурстың кубогымен және атаулы дипломымен марапатталды. Ол домбырамен Г. Оразымбетованың сөзі мен әніне жазылған «Мереке» әнін орындады.

Ол - Павлодар қаласы № 24 ЖОМ  6-сынып оқушысы.  Клубтағы вокал үйірмесіне 2-ші жыл қатысады. Вокалдан басқа, ол бокспен, бимен айналысады  домбырада ойнайды. 2022 жылы Наурыз айында ол «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» байқауында «Вокал» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді.

- Назира жан-жақты, талантты оқушы және оның сыңғырлаған әдемі дауысы көрерменді баурап алады, - дейді үйірме жетекшісі, педагог Гульдарай Абудалаповна Алькенова.