ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Смағұлов атындағы математика олимпиадасының іріктеу кезеңінің қорытындысы
05-05-2022 10:52
Смағұлов атындағы математика олимпиадасының іріктеу кезеңінің қорытындысы

Академик Шалтай Смағұлұлы Смағұлов атындағы  математикалық олимпиаданың V облыстық республикалық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 6 - 7 сыныптарының 431 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 283 оқушысы қатысты. Олимпиаданың мақсаты-математика бойынша  дарынды балаларды қолдау және ынталандыру.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрады - іріктеу, аймақтық, республикалық. Олимпиаданың іріктеу кезеңі 30 сәуірде  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен  бірлесіп өтті. Іріктеу кезеңіне Павлодар қаласының  36 жалпы білім беретін № 1 (2), 2 (2), 5 (3), 6 (3), 7 (10), 9 (19), 11(30), 14, 17 (13), 18 (4), 19 (6), 21 (20), 23 (3), 24 (8), 25 (9), 26 (3), 27 (5), 28 (7), 29 (7), 30 (6), 33 (2), 34 (5), 35 (2), 36 (2), 37 (4), 38, 39 (37), 41 (4), 43 (18), К. Мақпалеев атындағы (8), Қ. Беххожин атындағы (7), М. Әлімбаев атындағы (4), Б. Момышұлы атындағы (4), М. Әуезов атындағы (14), Кенжекөл ЖОМ (3), № 16 (7) лицей-мектебінің оқушылары қатысты.

Іріктеу кезеңінің нәтижелерін шығару үшін барлық қатысушылардың жұмысы  тексеру үшін  Әл-Фараби атындағы университетке жіберілді. Қатысушылардың жұмыстарын тексеру қорытындысы бойынша Павлодар қаласының Қ. Мақпалеев атындағы, № 16 мектеп-лицейі, № 7, 9, 17 (2), 24 (2), 25 (2), 28, 29, 36 (2), 37, 39 жалпы білім беретін мектептердің 16 оқушысы 15 мамырда өтетін  олимпиаданың екінші аймақтық кезеңіне қатысады.