ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бокстан республикалық турнирдегі жігерліктердің кезекті жетістігі
06-05-2022 09:23
Бокстан республикалық турнирдегі жігерліктердің кезекті жетістігі

Нұр-Сұлтан қаласындағы  Әл-Фараби атындағы оқушылар Сарайының 10-жылдығына арналған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турниріне   Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 220-дан астам боксшы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 3 бөлімшесінен 15 тәрбиеленуші қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша жігерліктер 7 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І орын - 3, ІІІ орын - 4 осылай  спорттық қоржынымызды  3 алтын және 4 қола медальға толықтырды.

І орынды иеленгендер - Жұмабеков Нұрдәулет «Сауран» клубының тәрбиеленушісі, № 19 ЖОМ 6 сынып оқушысы. Ол бокспен 2019 жылдан бастап айналысып келеді, осы кезеңде облыстық турнирдің чемпионы атанды (2021 жыл), республикалық турнирдің жүлдегері (2022 жыл). Жүсіпов Әлішер, «Азат» клубының тәрбиеленушісі,  № 17 ЖОМ 1 сынып оқушысы, бокспен айналысқанына бір жыл болып,  республикалық турнирге алғаш рет қатысуы. Садуов Рустам,  «Рақым» клубының тәрбиеленушісі, № 39 ЖОМ 10-сынып оқушысы, секцияға үшінші жыл қатысып, республикалық турнирге алғаш рет шығуы.

III орынды иеленгендер - Темиржан Ибрагим, «Сауран» клубының тәрбиеленушісі, № 5 ЖОМ 3 сынып оқушысы, бокспен бір жылға жуық айналысады, бұл оның республикалық деңгейдегі бірінші жеңісі. Арман Мақсатұлы, «Азат» клубының тәрбиеленушісі, № 19 ЖОМ 7-сынып оқушысы, бокспен 2,5 жыл айналысады. Ол, облыстық, республикалық турнирлердің чемпионы (2021 жыл), облыстық, республикалық турнирдің жүлдегері (2022 жыл). Қабыш Нұрсұлтан, «Сауран» клубының тәрбиеленушісі, № 5 ЖОМ 3 сынып оқушысы, жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Турсумбай Жантемір,  «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі № 42 ЖОМ 5 сынып оқушысы, секцияға бірінші жыл  қатысып жүр, республикалық турнирдің жүлдегері (2022 жыл).

Тәрбиеленушілердің жаттықтырушылары клубымыздың  педагогтары Жаменкенов Ертай Хайруллинович, жекпе-жект және үшсайыс бойынша спорт шебері, Сүлейменов Бексұлтан Зейноллаұлы болып табылады. Педагог Жаменкенов Ертай Хайруллинович турнирдің «Үздік жаттықтырушы» кубогімен марапатталды.