ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың қорытындылары
06-05-2022 11:35
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың қорытындылары

        2022 жылғы 3 - 6 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасын  өткізді. Олимпиадаға Қазақстан өңірінің 207 оқушысы, Павлодар облысын жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 13 оқушысы, облыстық олимпиаданың жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 2 мектебінің 9 сынып оқушысы ДюсембинаТомирис қатысты.

    Қатысушылар эссе жазып, Қанипа Бітібаеваның өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білумен жарысты.Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 5 жүлделі орынға ие болды - 3 күміс және 2 қола медаль, оның ішінде Томирис қола медаль жеңіп алды.Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Оқушылар Шығыс Қазақстан өнер мұражайына да барды.