ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сапқа тұру және әндер байқауында павлодарлық оқушылар 2 жүлделі орынға ие болды
06-05-2022 16:13
Сапқа тұру және әндер байқауында павлодарлық оқушылар 2 жүлделі орынға ие болды

   2022 жылғы 6 мамырда Гагарин атындағы саябақта Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Сапқа тұру және ән байқауы» облыстық конкурсы өтті.

   Жарысқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 15 команда қатысты. Павлодар қаласының намысын әр командада 9 - 10 сыныптардың 30 оқушысынан тұратын екі команда, қалалық байқаудың жеңімпаздары қорғады. Бірінші командаға № 39, 34, 35, 41, 26, 11, 20, 25, 16, 22, 21, 19, 12, 28, 30, Кенжекөл мектебінің оқушылары қатысты. Екінші командаға № 18, 17, 14, 16, 26, 39, 24, 35, 4, 41, 7, 37, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары қатысты.

   Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық I орынды Екібастұз қаласының командасын басып озып, Павлодар қаласының екінші командасы иеленді. III жалпы командалық орынды Павлодар қаласының бірінші командасы алды. Облыстық байқаудың жеңімпаздары облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен және кубоктарымен марапатталды.