Алматы қаласындағы «Бөбек» орталығының обсерваториясында 2022 жылдың 24 сәуірі мен 1 мамыр аралығында Қазақстандағы астрофизиканың дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым Төкен Омаров атындағы республикалық ғылыми жарыстар өткізілді. Мақсаты - оқушылардың физика, астрономия және космонавтика саласындағы білім деңгейін арттыру, халықаралық олимпиадалар мен байқауларға қатысу үшін Қазақстан ұлттық құрамасын қалыптастыру бойынша дарынды оқушыларды анықтау. Жарысқа физика - математика лицейлерінің, гимназиялардың, республикалық физика-математика мектебінің, Қазақстанның Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары қатысты. Павлодар облысы құрамасынан М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері, оның ішінде Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Браун Илья қатысты.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды - космонавтика, астрофизика, биотехнология бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын қорғау, екінші кезең - астрономия және ғарыш физикасы бойынша іріктеу олимпиадасы.
Жобалар байқауында Браун Илья мен Аспандияр Хасенов III орынды алды. Олар метеориттердің құлау орындарын зерттеу қажеттілігі туралы зерттеу жұмыстарын қорғады. Олар Қазақстандағы жұмбақ жерлердің бірі - Жаманшин метеориттік кратеріне байланысты талдау дайындады. Оқушылар сарайының «Антарес» жас астрономдар клубының жетекшісі Гүлнар Баубекова.
- Клубқа 5 сыныптан бастап, аптасына бірнеше рет қатысамын, бұл сабақтар стандартты емес және шығармашылық ойлауды ашуға көмектеседі, пайымдауға, қорытынды жасауға үйретеді және осы дағдылардың барлығы болашақта өте пайдалы болады, - дейді Илья.
Мектепте Илья өзін мұқият, жауапты оқушы ретінде көрсетеді. Мектептегі сүйікті пәні - химия. Ол мектепті бітіргеннен кейін кім болатынын әлі шешкен жоқ, бірақ өз мамандығын ғылыммен байланыстырғысы келеді.