ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жанұялық спорт және дене шынықтыру мерекесі
15-05-2022 21:29
Жанұялық спорт және дене шынықтыру мерекесі

Балалар жылын өткізу бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар қаласы білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымымен бірлесіп 2022 жылғы 14 мамырда № 18 ЖОМ «Менің спорттық педагогикалық жанұям» қалалық фестивалі өткізілді. Мақсаты - жас педагогикалық отбасыларды қолдау, дене шынықтыру және отбасылық тәрбие. Фестивальге мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен бірге 7 отбасылық команда қатысты.

Әкелер, аналар және олардың балалары фестивалінде «Визиттік карточка» байқауына қатысып командалар мен олардың құрамы таныстырылды. Одан кейін «Торнадо», «Шаңырақ», «Баянауыл», «Дружба», «Адреналин», «Ертіс», «Лидер» командалары жылдамдық, ептілік «Жүгіру эстафетасы», «Дөп соғу», «Туристік жолақ», «Күш гимнастикасы», «Үлкен секіргіш» станцияларынан өту бойынша жеңіс үшін жарысты.

- «Біз бұл күнді күттік, дайындалдық және уайымдадық. Біз спорт фестиваліне ұлымызбен бірге келдік. Фестивальге қатысқаныма өте қуаныштымын. Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Отбасымен бірге спортпен шұғылдану жақсы көңіл-күй сыйлады. Станцияларда тапсырмаларды орындау біршама қиындықтар туғызды, бірақ біз отбасымызбен бірге мұны да орындадық. Бас жүлдені жеңіп алдық, қазақстандықтарды келе жатқан Отбасы күнімен құттықтағым келеді», - дейді № 29 мектептің көркем еңбек мұғалімі Әлімжан Нұржігіт.

Спорт алаңында ата-аналармен бірге балалардың ептілігі мен тапқырлық жарыстарын көруге болады. Балалық шақ мерекесінде балаларда қаншалықты ынта, қуанышты күлкі болды.

- Мен 4-сыныпта оқимын, ата-анам № 18 мектепте жұмыс істейді. Бүгінгі іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Ата-аналармен 5 станциядан өту қызықты болды. Менің көңіл - күйім тамаша, бірінші орынға ие болдым, - дейді Бешембаевтар отбасы командасының кішкентай мүшесі Кәрім.

Барлығы жоғары мақтауға лайық болды, барлық командалар ұйымшылдық пен жеңіске деген ерік-жігер танытты, алайда, тиісті дәрежеде жарыста жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені Әлімжанның отбасы № 29 мектептің «Лидер» командасы жеңіп алды, I орынды Бешембаевтар отбасы № 18 мектептің «Торнадо» командасы, ІІ орынды Багаутдиновтар отбасы Жетекші ЖОМ «Адреналин» командасы, Рахатжан командасының отбасы Кенжекөл ЖОМ «Шаңырақ» командасы алды, III орынды Захаровтар отбасы № 30 мектептің «Ертіс» командасы, Мажитовтар отбасы № 122 балабақшаның «Баянауыл» командасы, Литвиненколар отбасы № 53 балабақшаның «Достық» командасы иеленді.

Мереке сәтті өтті! Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен, Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының және «Батырмол» СОО сертификаттарымен марапатталды.