ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы мектептері жас педагогтерінің жетістіктері
16-05-2022 09:28
Павлодар қаласы мектептері жас педагогтерінің жетістіктері

Жыл сайын Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептері жас педагогтермен толықтырылуда. Соңғы 3 жылда қала мектептеріне педагогтердің жалпы санынан 386 педагог (9 %) келді. Әдістемелік сүйемелдеу, сәтті бейімделу жағдайын қамтамасыз ету, өзін-өзі көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында бүгінгі күні 128 жас маманға 6 педагог-шеберден, 120 педагог-зерттеушілерден 126 тәлімгер бекітілді. Тәлімгерлік төленеді және тәлімгерлер мектебі мен «ПроЛС» клубы жұмыс істейді, тәлімгерлік жүйесі дамыған, электрондық база бар, жас маманның кәсіби дамуына мониторинг жүргізіледі, тәлімгерлер жұмысының оң тәжірибесі зерделенеді және жинақталады. № 9, 11, 16, 24, 34, 39, 40 мектептердің әдістемелік қызметтерінің жұмыс тәжірибесі қала деңгейінде таныстырылды.

Жас мамандармен жүйелі жұмыс кәсіби өсуге, әртүрлі деңгейдегі байқауларға, конференцияларға, форумдарға, олимпиадаларға, зияткерлік және спорттық жарыстарға белсенді қатысуға ықпал етеді. Жас педагогтермен жүйелі жұмыстың тиімділігі олардың кәсіби байқауларға қатысу нәтижелерін көрсетеді, бұл 3 жылдың ішінде 57,3%-ды құрады.

2022 жылдың сәуір айында онлайн режимінде Қ. Мақпалеев, № 11, 19, 21, 23, 24, 29, 34, 35, 37, 39, 41, 43, № 16, 38, 39, 41, 117 сәбилер бақшасының 30 жас маманы «ХХІ ғасырдың жас педагогі және дағдылары»: soft skills-ті заманауи педагогтің кәсіби бағдары ретінде қалыптастыру және дамыту» атты  ІІ облыстық форумға қатысты. Конференцияда «Жаңғырту жолындағы жас маманның рөлі» секциясында «Патриотизм жас педагогтердің азаматтық позициясын дамытудың басты факторы және кәсіби өсудің шарты ретінде» тақырыбымен № 24 ЖОМ тарих мұғалімі Смаилов Рамиль Русланович, «Жас мамандардың кәсіби бағыты» секциясында «Қазақстан тарихы сабағында картамен жұмыс істеу кезінде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбымен № 11 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Рахимбаева Зарина Ерсайынқызы баяндама жасады. 30 жас маманның баяндамалары форум жинағына енді.

«Жастар - елдің үміті» облыстық педагогикалық қашықтық олимпиадасына 290-нан астам жас мамандар қатысты. Тапсырмалар педагогика, ақпараттық-коммуникативтік сауаттылықты меңгеру, логика, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқығын білу, жас педагогика мен жас психология бойынша педагогикалық жағдайларды шешу, денсаулық сақтау құзыреттілігі және киберқауіпсіздік бойынша педагогикалық жағдайларды шешу жөніндегі сұрақтардан тұрды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жас педагогтер 129 жүлделі орынға ие болды және жоғары нәтижелері үшін сертификаттар алды, оның ішінде 1 орын - 3, 2 орын - 45, 3 орын - 31, сертификат - 50. Олимпиада жеңімпаздары: Рахимбергенов Ғазиз Абайұлы, дене шынықтыру мұғалімі, Алтыбаев Дамир Қайгелдіұлы, көркем еңбек мұғалімі, Каппарова Адина Катовна, № 18 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі.

«Үздік психолог - 2022» облыстық байқауында Кенжекөл мектебінің педагог-психологі Гульзазира Мухмедрахимовна Ахмекенова жеңімпаз атанды, «Үздік эссе» номинациясын № 19 ЖОМ педагог-психологі Гүлмира Оралқызы Ахметова иеленді. Ахмекенова Гульзажира Мухмедхакимовна облыстық педагог-психологтар командасына кіріп, «Үздік психолог - 2022» байқауының республикалық кезеңінің қатысушысы сертификатының иегері атанды.

Жасұландықтар үшін басты көмекшілер мен тәлімгерлер аға вожатый болып табылады. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы өз қызметін еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде жүзеге асырады, шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Аға тәлімгерлердің беделін арттыру мақсатында «Үздік жас вожатый» қалалық байқауы өткізілді. Байқаудың шарттары бойынша «Үздік жас вожатый», «Баға жетпес тәжірибе» номинациялары бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, балалар, жастар қоғамдық бірлестіктерінде 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар 9 қатысушы «Портфолио», «Бейне сабақ» ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік жас вожатый» номинациясы бойынша Б.Момышұлы атындағы мектептің аға тәлімгері Майбас Мөлдір І орынды иеленді. Оның портфолиосында қалалық және халықаралық деңгейдегі 18 марапат болды. I дәрежелі дипломмен марапатталған, «Достық палитрасы» халықаралық байқауының вокал орындаушыларының лауреаты болып табылады. ІІ орынды ең жас қатысушылардың бірі, № 26 ЖОМ аға тәлімгері Дарина Герштейн иеленді. Бейне материалда өзінің республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен бөлісті. Анталияда өтетін халықаралық ХІІІ олимпиаданы дайындауға және өткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды (2021 жыл). Ол Қазақстанның спорт шеберіне үміткер, 2019 жылы гандболдан Қазақстан чемпионатында I орынды алды. «Баға жетпес тәжірибе» номинациясы бойынша ІІІ орынды № 34 мектептің тәлімгері Нұрсұлтан Жомартұлы иеленді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ең үздік репортаж» республикалық байқауына қатысушы сертификаты бар, өз жұмысы туралы үздік бейнелердің бірін ұсынды. Олар байқаудың облыстық кезеңінің қатысушылары болды.

«Ұстаздар аламаны» облыстық зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша № 2, 23, 24, 28, 33, 34, 40, Мақпалеев атындағы мектептің, № 122 балабақшаның жас педагогтері финалға шықты. Жүлделі II орынды Ахметчанов Мақсат (№ 2 ЖОМ), III орынды Теміртасов Айзар (№ 23 ЖОМ) иеленді.

2022 жылдың сәуір айында «Дарынды балаларға - талантты мұғалім» республикалық байқауының облыстық кезеңіне 39 жас маман, қалалық  байқаудың жеңімпаздары қатысты. Олар сабақтың үзінділерін, тұсаукесерін көрсетті. Жеңімпаздар республикалық кезеңге қатысады.

«Инклюзивті және арнайы білім берудің үздік оқу-әдістемелік құралы» қалалық байқауында II орынды № 40 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәкен Ботакөз, III орынды № 17 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қайсар Айжан Қанатқызы иеленді. Олар мамыр айында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады. Сондай-ақ, байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық «Педагогикалық дуэт - 2022» байқауына № 2, 11, 14, 34, 37, 39, 41, Қ. Мақпалеев, № 16 лицей-мектептің, № 1, № 14 сәбилер балабақшасынан 5 тәлімгер мен мектептің жас мамандары қатысады.