ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының мектеп оқушыларының оқу-далалық жиындары
16-05-2022 12:21
Павлодар қаласының мектеп оқушыларының оқу-далалық жиындары

Жалпы білім беретін мектептердегі алғашқы-әскери дайындық бойынша оқу бағдарламасына сәйкес биылғы жылы оқу-далалық жиындар далалық жағдайларда талап етілетіндей, 2022 жылғы 16 - 20 мамыр кезеңінде өтеді. Мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақтың әскери дағдыларын дамыту.

Оқу-далалық жиынның салтанатты ашылуы және жиынға жіберу 16 мамыр күні Естай атындағы ҚМС алаңында өтті. Жиынға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10-шы сыныптарының 485 оқушысы, алғашқы әскери дайындық мұғалімдері, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері қатысады.

Жиын Шарбақты ауданының «Лесная сказка» ЖШС өтеді. Мұнда практикалық сабақтарды өткізу және тұру үшін жағдай жасалған. 5 күннің ішінде оқушылар әскери өмірдің жағдайымен танысады. Атыс және тактикалық дайындық, Қазақстан Республикасы әскери қызметінің Жарғысын зерделеу, топография және азаматтық қорғау бойынша практикалық сабақтар жоспарланған. Оқу-далалық жиынның қорытындысы бойынша оқушылар қорытынды баға алады.

Дәстүрлі түрде оқушылардың ауған жауынгерлерімен кездесуі жоспарланған, олар өз естеліктерімен бөлісіп, болашақ Отан қорғаушыларына өз тілеулерін айтты.