ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Самбоны дамытуға сіңірген еңбегі үшін медаль
18-05-2022 10:54
Самбоны дамытуға сіңірген еңбегі үшін медаль

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер»  балалар-жасөспірімдер клубының педагогы Шантеков Еркінбек Каданович 2022 жылғы 15 мамырда Республикалық күрес және самбо федерациясынан Павлодар облысы бойынша самбоның дамуына қосқан үлесі үшін «Самбо күресіңің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» атты медалімен марапатталды. 

Еркінбек Каданович, Павлодар педагогикалық институтын 1985 жылы «Орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.  «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Өркен» клубында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол клуб қызметіне белсенді қатысады, спорттық іс-шараларды, қазақ күресі сабақтарын өткізу барысында тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаттығу кезінде балалардың дене шынықтыруына ерекше көңіл бөледі, техникамен жаттығуларды орындау адамгершілік-еріктік дағдыларын меңгеруге және қалыптастыруға септігін тигізеді.

Осы кезеңде ол әр түрлі деңгейдегі самбо, дзюдо және қазақ күресінен жарыстардың 40-тан астам жас чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиеледі. Осылайша, 2019 жылы Қостанай қаласында өткен күрес бойынша республикалық жарыста  оның тәрбиеленушісі Рахметов Каймолда  қола жүлдегері болды, 2020 жылы Смаилов Дастан және Амангелді Муслим самбодан облыстық ашық турнирдің қола жүлдегерлері болды.

Еркінбек Каданович самбо және қазақ күресі бойынша төрешілер құрамына кіреді, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру департаментімен  республикалық және халықаралық жарыстарға төреші ретінде шақырылады. Ол КСРО-ның самбо бойынша спорт шебері,  ұлттық жоғары санаттағы қазақ күресі бойынша төреші. Ол Ресейдің «Бүкілресейлік афган қоғамы» атынан «Халықаралық дәрежедегі төреші» белгісімен марапатталған, Республикалық күрес Федерациясы атынан «Ұлттық жоғары дәрежедегі төреші» медалімен марапатталған.