ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі бойынша бірыңғай күн
18-05-2022 12:52
Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі бойынша бірыңғай күн

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар жылын өткізу туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 мамырда қаланың білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз жаз» бірыңғай күні өткізілді. Мақсаты - балалар жарақатының алдын алу, жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Бірыңғай күн аясында ТЖ аумақтық басқармасына, темір жол объектілеріне, облыстың полиция департаментіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шебер сағаттар, «Қауіпсіздік тәртіп» тақырыбына сурет байқаулары өткізілді. Барлығы 12000-нан астам мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар қатысты.

№ 16 лицей-мектебі, Әуезов атындағы мектептердің  5, 6 сынып оқушылары үшін судағы қауіпсіздіктің алдын алу бойынша Усолка шағын ауданындағы «Дельфин» құтқару станцияларына және төменгі жағалауға экскурсия өткізілді.

№ 2 ЖОМ 5, 9 сынып оқушылары үшін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол маңында болу қауіпсіздігі бойынша профилактикалық әңгімелер өткізді. Аталған іс-шара Теміржол вокзалының вокзал жанындағы алаңда өткізілді.

№ 7 ЖОМ 6 сынып оқушылары үшін өрт, төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында қаланың № 4 өрт сөндіру бөліміне экскурсия жүргізілді.

№ 19 ЖОМ 6 сынып оқушылары облыстық полиция департаментінің мұражайына барып, Павлодар облысы полиция қызметінің тарихымен танысты. Сонымен қатар, қала мектептерінде «Қауіпсіздік формуласы» квесттері, «Құтқарудың бес қадамы» зияткерлік ойындары өткізілді.