ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Патриоттық әндердің үздік орындаушылары
19-05-2022 12:48
Патриоттық әндердің үздік орындаушылары

Облыстық «Көк тудың желбірегені» патриоттық ән байқауына облыс мектептерінен 39 жас педагог қатысты. Аталған шара Павлодар музыкалық колледжінде өтті. Ұйымдастырушы Павлодар облыстық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы болып табылады.

Байқауда қатысушылар «Туған жер туралы әндер» - «Песни о Родине», «Жеңіс әндері» - «Песни о Победе», «Сарбаздар әндері» - «Военные песни» номинациялары бойынша сайысқа түсті. Әр номинацияда 13 қатысушы өнер көрсетті.

Бұл байқауда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің намысын қорғаған мұғалімдер басты жүлделі орындарға ие болды.

«Туған жер туралы әндер» номинациясы бойынша бас жүлдені № 41 мектептің география пәнінің мұғалімі Паскарь Алена, Ютаның сөздері мен музыкасына жазылған «Сильные люди» әнін орындағаны үшін алды.

«Сарбаздар әндері» номинациясы бойынша I орынды Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп директорының орынбасары Бахатхан Оразбек иеленді, ол жерлесіміз Мейрам Ермекбаевтың «Сапқа тұр» әнін орындады.

 Сөзі Асқар Лекеровтікі, әні Мұқан Төлеубаевтікі, «Кестелі орамал» әнін орындағаны үшін Мұзафар Әлімбаев атындағы мектептің ағылшын тілі мұғалімі Мағжанқызы Ақерке «Жеңіс әндері» номинациясында алғыс хатпен марапатталды.

- Патриоттық әндер байқауына облыстың әр өңірінен қатысушылар қатысты. Мұндай іс-шаралар жас педагогтердің бойында отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты терең сезімді оятады. Ақшалай ынталандыру сыйлықтарын алу күтпеген, жағымды жағдай болды. Менің ойымша, бұл жас педагогтерге байқауға дайындалғаны үшін берілген баға, - дейді Оразбек.