ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жаз - 2022» жазғыжобаны жүзеге асыру бойынша қалалық семинар
20-05-2022 09:47
«Жаз - 2022» жазғыжобаны жүзеге асыру бойынша қалалық семинар

    Павлодар қаласының білім беру бөлімі №25 ЖОМ «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру» аттықалалық семинар өткізді. Мақсаты - жазғы маусымға дайындық ережелерімен танысу, жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтау. Мектеп директорлары, жалпы білім беретін мектеп директорларының 126 орынбасарлары және мектеп жанындағы лагерь басшылары қатысты.

  СеминардаТөтенше жағдайлар басқармасының барлық мүдделі органдарының өкілдері, Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері сөз сөйледі.

    Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қ. Т. Қыдралин мектеп жанындағы лагерьлердің ұйымдастырылуына және қызметіне ерекше назараударып, оқу жылын аяқтау, жазғы мектептердің жұмысы бойынша ұсынымдармен таныстырды.

    Каникул күндері қала оқушыларын жазғы бос уақытын ұйымдастыру және сауықтырумен 41442 оқушыны қамту жоспарлануда, бұл 1 - 10 сынып оқушыларының жалпы санының 100% құрайды. «Жаз - 2022» жобасы аясында қаланың барлық мектептерінде ұзақтығы 15 күн болатын 2 маусымда күндізгі болатын мектеп жанындағы лагерьлер ашылады. Мектеп жанындағы лагерьлердің бірінші маусымы 1 - 21 маусым аралығында өтеді, екінші маусым 22 маусым мен 12 шілде аралығында өтеді. Мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылар 3 реттік тамақпен қамтамасыз етіледі. Жолдаманың жалпы құны 13,5 мың теңгені құрайды, яғни күніне бір балаға 900 теңге.