ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық дебат мектебінің алғашқы түлектері
21-05-2022 13:00
Қалалық дебат мектебінің алғашқы түлектері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы «Қағанат» ҚБ-мен бірлесіп «Жаңа көзқарас» қалалық дебат мектебінің оқу жылындағы жұмысын қорытындылады. Іс-шараға Павлодар қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары К. Т. Қыдыралин, «Қағанат» ҚБ төрағасы Еркеғали Жанғазы, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары, мектеп дебат үйірмелерінің жетекшілері және ата-аналар қоғамдастығы қатысты.

       Мектеп жұмысын қорытындылаған кезде 2022 жылғы 20 мамырда Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінде алғашқы түлектерге салтанатты құрмет көрсетілді. Олардың ішінде 10 сынып оқушылары, қалалық, облыстық, республикалық пікірсайыс турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бейсенғали Әдия, Жасқайратова Аяулым, № 19 мектеп оқушылары, Сағын Дана, Төлеуова Нұрай, Балпекова Индира, № 7 мектеп оқушылары, Тілеуқабылұлы Мұстафа, Жұмабекұлы Марғұлан, № 35 мектеп оқушылары Мағамет Жібекжан, Бейсембина Сәлима, № 2 мектеп оқушылары, Балагазинова Жанель, Рамазанова Рауза, № 25 мектеп оқушылары қатысты.

     Түлектерге курстан өткендігі туралы «Парламенттік пікірсайыстың базалық дағдылары» сертификаттары және алғыс хаттар, команда басшылары мен түлектердің ата-аналарына «Павлодар дарыны» орталығының алғыс хаттары табыс етілді.

    Мектеп бірінші жыл «Павлодар дарыны» орталығында жұмыс істейді. Дебат мектебінің құрамына қаланың 34 мектебінің командалары, 8 - 10 сыныптың  77-ден астам оқушысы енді. Осы кезеңде «Қағанат» ҚБ төрағасы Еркеғали Жанғазының белсенді қатысуымен 5-тен астам қалалық, облыстық турнирлер өткізілді.