ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіби бағдар беру бойынша бірінші қалалық форумы
21-05-2022 13:13
Кәсіби бағдар беру бойынша бірінші қалалық форумы

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарының шеңберінде 21 мамырда Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинаты ұйымдастырған 9-сынып түлектері үшін кәсіби бағдар беру бойынша «Өмірге жолдама» I форумы өтті. Форумға 800-ден астам қатысушы жиналды.

   Форумның 24 кеңес беру алаңында кәсіби білім беретін оқу орындарына түсуді жоспарлаған 9 сынып оқушыларымен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшыларымен, мұғалімдермен біздің қала колледждерінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы. BTS-Education өкілі, «Жаңа мамандықтар атласы»және «EduNavigator» жобаларының сарапшысы Олжас Мамырбаев, «Қазақстан алюминийі»АҚ кәсіпорынның дамытушысы - Динара Нұрболатқызы Қабыкен, Павлодар мұнай-химия зауыты ЖШС жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары - Арыстан Нұрмұхамбет, ЕRG service ЖШС әлеуетті дамыту жөніндегі үйлестірушісі - Дианна Сапарова, Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығыныңоқу бөлімінің басшысы - Зарина Ерғалиқызы Укпаева жұмыс істеді.

  Форум ұйымдастырушылары болашақ мамандықты таңдау бойынша толық ақпарат алу, мектептен кейін оқуға қайда түсу бойынша дұрыс таңдау істеуге көмек көрсету, болашақта қандай мамандықтарға сұраныс жоғары болатыны, қазіргі уақытта жұмыс берушілер қандай құзыреттіліктерді бағалайды және болашақта олардың қайсысы сұранысқа ие болатыны, облыстың ірі кәсіпорындарының кадрларға қажеттіліктері туралы, өткен жылғы тамыз айында әзірленген және қала мектептерінде енгізіліп жатқан- №16 лицей-мектебі және оқу-өндірістік комбинаты іске асыру бойынша пилоттық алаңдар болып табылады - «Павлодар облысының жаңа мамандықтар атласы» жобасы туралы толық ақпарат алу үшін барлық мүдделі тұлғаларды бірыңғай алаңда жинады.

  Алаңда ата-аналар мамандықтар, оқыту шарттары туралы біліп, колледждерге оқуға түсу үшін алдын ала құжаттар тапсыра алды. «Кәсіптік кеңес» аймағында Павлодар облысының жаңа мамандықтар атласымен танысты. Мұнда EduNavigator платформасында кәсіби диагностикадан өту ұсынылды, мамандық таңдау бойынша кеңес берілді. «Объективтегі мамандық» фотокөрмесі қызығушылық тудырды, фотосуреттерде оқушылар экскурсиялардың, сайыстардың, сабақтарда оқушылардың кәсіби сынамалардың фотосәттерін көрді. Оқу-өндірістік комбинатында 8-сыныптан бастап қала оқушылары медицина, менеджмент, графикалық дизайн, тігін ісі мамандықтарына алғашқы қадамдарын жасай алады, 11-сыныпта олар жүргізу мамандығына оқиды, содан кейін жүргізуші куәлігін алады. Айта кету керек, жыл сайын комбинатта 2 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары кәсіби сынамалардан өтеді, олар оқу аяқталғаннан кейін мамандық туралы куәлік алады.

  Форумда салтанатты түрде «Болашақ маман» конкурсының үздік жеңімпаздарына алғашқы «өмірге жолдамалар» - біліктілік куәліктері, 2022, 2023 жылдарға арналған «В санатындағы жүргізуші»  бейінді курсы бойынша оқуға арналған сертификаттары табыс етілді. BTS-Education және «EduNavigator» өкілі EduNavigator платформасында кәсіби бағдар беру бойынша диагностикалық тест лицензиясына сертификаттарды ұсынды, бұл тесттен өтіп, жеке кеңес алуға және республикалық сарапшылардың сүйемелдеуімен мамандық таңдауға болады.

   Біз бүгін барлығы өз сұрақтарына жауап алып, мамандық пен оқу орнын таңдап және бұл таңдау дұрыс болады-деп үміттенеміз, - дейді комбинат директоры Ирина Викторовна Базько.