ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кіші сынып оқушыларының тату отбасы туралы шығармашылық жұмысы
23-05-2022 10:19
Кіші сынып оқушыларының тату отбасы туралы шығармашылық жұмысы

   «Дәстүрлі отбасылық хобби» қалалық челленджіге Қ. Мақпалеев атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, № 6, 14, 18, 27, 29, 33, 34, 36, 41 жалпы білім беретін мектептердің 1 - 4 сыныптарынан 42 оқушы ата-аналармен бірге қашықтықтан қатысты. Мақсаты - шығармашылық қабілеттерді қолдау, бәсекеге қабілетті мәдениетті дамыту, шығармашылық жұмыстың тұсау кесерін өткізу.

   Челлендж шарты бойынша қатысушылар бірлескен отбасылық әуестігі, дәстүрлері туралы үш минуттық бейнеролик ұсынды-әр жұма күні кешке отбасылық кино көру, демалыс күндері орманға бару, тамақ әзірлеу, шығармашылық қызмет немесе үстел ойындарымен айналысу. Содан кейін бейне Instagram-дағы мектеп бетіне орналастырылды, #tradicioniysemeiniyhobby хэштегін қойды.

   Челленджге ең үздік бейнематериалды Қ. Бекқожин атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Мырзан Абдулкарим дайындады. Өзінің бейнесінде Абдулкарим ағалары Абдурахим мен Абдулалим екеуі ауылдағы ағасына жылқы күтіміне қалай көмектесетінін көрсетті. Сонымен қатар, олардың  өздерінің әдеттерін бақылады-мысалы, жылқылар тек таза су ішеді.

   Абдулкарим көп балалы отбасынан шыққан, оның 2 ағасы мен қарындасы бар. Анасы  балаларды тәрбиелеуге және олардың бос уақытын ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Мектепте оқығаннан кейін Абдулкарим баскетбол және қазақша күрес спорт үйірмелеріне қатысады, жарыстарға қатысады, жүлделі орындарға ие, оқу үздігі.

   - Отбасында балалардың бос уақытын  дұрыс ұйымдастыру, қызықты іспен айналысу олардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырады, өзін-өзі көрсетуге, айналасындағыларға, отбасы мүшелеріне мейірімділік пен қамқорлық тәрбиелеуге көмектеседі, - дейді іс-шараны ұйымдастырушы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының педагог-ұйымдастырушысы Айнагүл Арабданқызы Абенова.