ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының балалары халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды
23-05-2022 10:23
Павлодар қаласының балалары халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды

Нұр-Сұлтан қаласында «Арте Италияна» халықаралық жанрлық байқауы өтті. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында ұйымдастырылған фестивальге облыс намысын қорғаған Павлодардың жас бишілер қатысты. Сахнада өнер көрсететін би тобы - байқаудың ең жас қатысушылары. 4 жастан асқан балалар халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды.

- Біздің үйірменің ең жас қатысушылары ел бойынша жалғыз өнер көрсетті. Қазылар алқасының құрамында Италияның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, мемлекетіміздің мәдениет саласының үздіктері және белгілі хореографтар болды. Номинациялар бойынша емес, жас ерекшеліктері бойынша бағаланды. Біз байқаудың дипломанттары, лауреаттары атандық, - дейді хореограф Құралай Байғожина.

Халықаралық байқауда жалпы саны 50 баладан тұратын бишілер тобы қазылар алқасына 18 нөмір ұсынды. Олардың қатарында түрлі жарыстардың жеңімпазы Таисия Сучкова да болды.

- 5 жастан бастап би үйірмесіне қатысамын. Біз Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық байқауға қатыстық, біздің топ жеңімпаз атанды. Жарыста үлкен әсер алдым, - дейді Таисия.

Би мектебі хореография, хип-хоп, акробатика, стретчинг және классикалық хореографияны үйретеді. Айта кету керек, «Арте Италияна» байқауын Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырды.