ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кішкентай балалар өрттен сақтануды үйренді
30-05-2022 18:33
Кішкентай балалар өрттен сақтануды үйренді

   Павлодар қаласының № 6 мектепке дейінгі гимназиясында 2022 жылғы 30 мамырда Төтенше жағдайлар департаменті және Красный Крест полумесяц қоғамымен бірлесіп «Көмек келгенге дейін өрт кезінде не істеуім керек» атты тәжірибелік сабақ өткізілді.

   Сабақ барысында өрт қызметінің мамандары пәтерде немесе көшеде өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, өрт сөндірумен және адамдарды құтқарумен кім айналысатыны туралы түсініктемелер берілді.«Скатай пожарные рукава», «От ойын емес!» атты практикалық эстафетаны өткізу кезінде балалар өрт сөндіру қызметкерлерін қалай дұрыс шақыру керектігін үйренді.Балалар тапсырмаларды орындай алды және «От-дос па, жау ма?» тақырыбындағыөрт қауіпсіздігі ережелерін қайталады. Сондай-ақ, оларға өрт сөндірушілердің киімдерімен және жабдықтарымен танысуға мүмкіндік берілді.

   - Балалар жағымды эмоциялар, көптеген пайдалы ақпараттар алды. Бұл кездесу балалар үшін танымды болды, өрт сөндіруші мамандығына қызығушылық пен құрмет туды, - дейді № 6 балабақшаның басшысы Лаззат Мырзабайқызы Қожабаева.