ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Шоң би оқуларының қорытындысы
31-05-2022 15:20
Облыстық Шоң би оқуларының қорытындысы

    «Шоң би оқулары» облыстық байқауына облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 7 - 11 сынып оқушылары, байқаудың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, соның ішінде № 25, 33, 37 мектептерінің 3 оқушысы қатысты. Оқулар 2022 жылдың 27 мамырында № 37 ЖОМ өтті, ұйымдастырушылары «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және «Кереку билер алқасы» ҚБ болып табылады.

  Оқу туралы Ережеге сәйкес оқушылардың күрделі проблемалық мәселелерді шешудегі білімі, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білуі зерттелді. Қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазды, «Арнаймын жыр маржанын бабаларға»тақырыбында өз өлеңдерін оқыды, бидің өмірі мен шығармашылығы туралы 30 тест тапсырмасына жауап берді, тестілеу үшін 40 минут берілді.

    Оқу қорытындысы бойынша павлодарлық үш қатысушы би туралы өз білімдерін көрсете алды - 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды, бір оқушы Құрмет грамотасымен марапатталды.

    І орынды жақсы тест нәтижесі үшін № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Рамазанова Амина иеленді.

    № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Манай Фатима эссе жазғаны үшін ІІ орынды иеленді. Фатима өзінің «Даланың әйгілі тұлғалары» атты эссесінде материал мазмұнын сауатты баяндап, оқиғаларды қазіргі заманмен байланыстырды, бидің өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректерді баяндап, оның халықтың әл - ауқатындағы рөлін көрсетті, қазақ халқының тәуелсіздігі туралы қазіргі заманғы тарихи зерттеулердің мысалдарын келтірді, тұжырым жасады.

    № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кендиров Қазыбек «Шон би бабамызға арнау» атты өзінің өлеңін оқығаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

  Қатысушылар жүлделі орындар үшін кубокпен, I, II дәрежелі дипломдармен, облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру орталығының және «Кереку бірлігі» ҚБ Құрмет грамотасымен, «Жырлаумен өткен 20 жыл», «Қазақтың көрнекті биі» кітаптарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.