ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Праздник счастливого детства
01-06-2022 11:28
Праздник счастливого детства

Жыл сайын 1 маусымда - Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. Бұл күн Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында ерекше маңызды рөл атқарады. Балалар жылы болашақ ұрпақ үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізу бойынша  мемлекет саясатының жалғасы болып табылады. Бұл жаңа Қазақстанның құрылу жолында ерекше маңызға ие болады. Мақсаты - балалардың зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау проблемаларына қоғамның назарын аудару және мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес - топтардың, БАҚ және басқа да әлеуметтік топтардың күш-жігерін біріктіру және отбасы мен балалар мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру.

Бұл күні барлық орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар мен сарайлар, ойын-сауық кешендері қала балаларына берілді. Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары балалар шығармашылығы фестиваліне, театрландырылған қойылымдарға, концерттік бағдарламаларға, экскурсияларға, спорттық жарыстарға, сурет байқауларына қатысты.

1 маусымда Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде мектеп жанындағы, бейіндік лагерьлердің салтанатты ашылуы өтті. 2 маусымда ұзақтығы 15 күн болатын мектеп жанындағы лагерьлер қаланың барлық мектептерінде ашылды. Балалар көркемсурет мектебінде балалар жұмыстарының фотокөрмесі ұсынылды, балалармен пленэр өткізілді. Балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушілері әуе-кеме модельдеу бойынша өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Мичурин ауылындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде 120 оқушы үшін маусым ашылды.

Сондай-ақ, 1 маусымда оқушылар Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында, «Колос», орталық мәдениет және демалыс саябағында өтетін іс-шараларға қатысады.