ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыс әкімі дарынды оқушыларды медальдармен марапаттады
01-06-2022 17:57
Облыс әкімі дарынды оқушыларды медальдармен марапаттады

Бүгін Қазақстан балалар жылы аясында өтіп жатқан балалардың құқықтарын қорғау күні облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың  қатысуымен облыстың түрлі деңгейдегі пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне салтанатты құрмет көрсетілді.

       «Ertis Bala Fest» балалар фестивалінде 62 оқушыға 2022 жылғы халықаралық және республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша медальдар, алғыс хаттар, ақшалай сыйлықтар табыс етті. Марапаттау рәсіміне жалпы білім беретін мектептердің 7 оқушысы қатысты, оның ішінде 11 сынып оқушылары  алтын медаль иегерлері Сейітхазин Алмаз (№ 2 ЖОМ), Вакулина Диана (№ 39 ЖОМ), күміс медаль иегерлері Борецкий Богдан (№ 11 ЖОМ), Абулхан  Әлімхан (№ 25 ЖОМ), қола медаль иегерлері Артықбай Ернар (№ 7 ЖОМ), Березина Дарья (№ 34 ЖОМ ), № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Нұрболат Аружан.

    Балалар фестивалінің көрмесінде «Зерде» шығармашылық конкурсы мен зерттеу жобаларының облыстық кезеңінің жүлдегері, № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы Ботвинко Ерамир («Апсайклинг немесе ескі машина үшін жаңа өмір» жобасы) және республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының екі дүркін жүлдегері, Кенжекөл ЖОМ 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырды («Солнечный коллектор» жобасы - күн коллекторлары есебінен үйлерді жылытудың баламалы жүйесі туралы»).

      Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде қатысушылар облыс пен Қазақстанның мақтанышы екенін атап өтті.